Басты бет Жаңалықтар (page 14)

Жаңалықтар

  • Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

    Конституцияға (83-бап) сәйкес прокуратура мемлекет атынан (заңда белгіленген шекте және нысандарда) заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады және сотта мемлекеттің мүддесiн білдіреді. Бұл функциялардың орындалуын прокуратура органдары сайлау процесінде де қамтамасыз етеді. Президенттің кезектен тыс сайлауы өткізілетіндігі туралы жарияланған сәттен бастап Бас прокуратура сайлау науқанының барлық кезеңдеріне қатысты әрбір деңгейдегі…

    Толығырақ »
  • «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры»

    Қазақ халқының біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл – 150 жыл. Осы атаулы датаға орай елімізде мазмұнды кездесулер мен ғылыми басқосулар ұйымдастыру қолға алынған болатын. Солардың бірі ретінде Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» мекемесінің мұрындық болуымен өткен іс-шараны айтуға болады.  «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты…

    Толығырақ »
  • ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫМЕН 52 АУЛА ЖАҢАРДЫ

    Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасына енгізілетін ұсыныстар саны артып келеді. 2021 жылы жоба шеңберінде 41 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылса, биыл 73 ауланы жаңғырту және жеке сектордағы 6 орынға балалар алаңын құру жоспарланыпты. Жалпы ауданда 651 көпқабатты үй 435 аулаға біріктірілген. 2011-2020 жылдар аралығында аулаларды абаттандыру жұмысы…

    Толығырақ »
  • ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 94,7 ПАЙЫЗҒА ЖЕТПЕК

    Бұл туралы қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшылары мәлімдеді. Жуырда Көкбұлақ елдімекеніне табиғи газ құбыры жеткізілді. Жауапты мамандардың мәліметінше, шаһарда инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Жоспар бойынша 2023 жылы қала тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілсе, 2024-2025 жылдары газ және электр қуатымен қамтамасыз ету көрсеткіші…

    Толығырақ »
  • ШАЛҒАЙ АУДАНДАРҒА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

    Орталықтан алыс орналасқан елдімекен тұрғындары коммуналды қажеттіліктерге қол жеткізіп келеді. Жуырда Жаңаталап елдімекенінде шағын қосалқы станция іске қосылды. Мердігер мекеме құрылысты мерзімінен бұрын аяқтап, тапсырып отыр. – Бұл шағын қосалқы станцияның қуаттылығы – 4 мың киловатт. Мұндағы электр желілерін тарту жұмысы өткен жылдың тамыз айында бастаған болатынбыз. Жоспар бойынша биылғы…

    Толығырақ »
  • ТҮРКІСТАНДА «ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАЙТЫН ХАЛЫҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

    Түркістан қаласында «Ескерткіштерді қорғайтын халық» халықаралық конференциясы басталды, деп  хабарлайды akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі. Маңызды басқосуға ЮНЕСКО-ның бастамасымен әлемнің 20 елінен 60 халықаралық сарапшы жиналды. 26-28 қазан аралағында үш күнге созылатын іс-шара барысында конференцияның 400-ден астам делегаты ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра объектілерін басқару, сақтау және қалпына келтіру, туризм маркетингі және Қожа Ахмет…

    Толығырақ »
  • ТҮРКІСТАНДА 500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПЕН 250 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

    Республика күніне орай Түркістан қаласында 500 орындық мектеп пен 250 орынға арналған мектеп-балабақша пайдалануға берілді, деп  хабарлайды akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі. Соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен қамтылған Айтұлы Тілеу батыр атындағы дарын мектебінде оқушылардың сапалы білім алуына бар жағдай жасалған. Әлеуметтік маңыздағы ғимараттардың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен…

    Толығырақ »
  • Бағдары айқын, халық сұранысымен үндескен саяси жауапкершілігі мол құжат

    Бүгін  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабта өзінің  «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз ұшін» атты  сайлауалды бағдарламасын жариялады. Халықтық коалицияның Түркістан облыстық  қоғамдық штабының мүшелерімен  бірге  мен де  бейнебайланыс конференция арқылы қатыстым. Айта кететін бір мәселе  2019 жылғы Президент сайлауында  Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаев  «Сабақтастық,Әділдік,Өрлеу»   атты үш…

    Толығырақ »
  • ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ МЕКТЕП-БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

    Бүгін Республика күні мерекесіне орай Айтұлы Тілеу батыр жекеменшік мектеп-балабақшасы пайдалануға берілді, деп  хабарлайды akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі. Мұнда түркістандық 250 бүлдіршін тәлім-тәрбие алады. Құрылтайшысы Сәуле Даулеталинаның айтуынша, мектеп-балабақшада 30 қызметкер жұмыспен қамтылған. Заман талабына сай бой көтерген жаңа нысанның ашылу салтанатына Израилдің Қазақстандағы елшісі Ябо Глузман Эдвин Натан және Түркістан…

    Толығырақ »
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы нәтижелі іске асырылуда

    25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында, Шымкент қаласы, «18» шағын аудандағы №21 және 25 көпқабатты үй аулаларында 2 кешенді балалар ойын алаңшасы тұрғындардың игілігіне тапсырылды. Ашылу салтанатына үй тұрғындары, Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Жайшибеков, «Amanat» партиясы Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Г.Жартыбекова және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысып,…

    Толығырақ »