Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында Қазақстан Жазушылар Одағы Төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек және Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бас директорының орынбасары Нұржан Жолдыбалиновтың қатысуымен «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форумның баспасөз конференциясы өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің
баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 20-21 қыркүйек аралығында «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форумын өткізеді.
Шараға Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен шет ел қаламгерлері қатысады. Дәл осындай ауқымды форум 1973 жылдан бері араға 45 жыл салып Елордамыз Астана қаласында өтпекші.