ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАН САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

 

Халық Ассамблеясы құрылуының арқасында ондаған мың адам өзінің мәдениетін, тілін өзінің ата-бабаларын біліп, құрметтеу мүмкіндігін иеленді. Ел аумағында жүздеген жексенбі күнгі мектептер қызмет етеді. Ол жерде өзінің ата-бабаларының тілдерін балалар, жастар, ересектер оқиды. Өзінің ұлтымен қорқынышсыз өзін біріктіру, өзінің елінің сеніміне еру, тарихын меңгеру, тарихи Отынымен тығыз байланысты ұстану факторлары өте маңызды. Өйткені дәл осы – қауіпсіздік, тұрақтылық және ертеңгі күнге сенімділік сезімі, сен өзіңнің балаларыңа және немерелеріңе ұлт немесе конфессиялық көрініс бойынша қысым

төндірілмейтінін білген кезде, таптырмайтын еркіндік, тәуелсіздік сезімін сыйлайды.

Соғыс пен жанжалдар – әрқашан, кез келген елде құлдырауға, күйреуге және жоқшылыққа апаратын тікелей жол. Мұндай қақтығыстарда жеңімпаздар болмайтыны өз-өзінен түсінікті. Өйткені, ел өзінің жерінің бостандығы және тәуелсіздік үшін күрескен кезде, бұл – ерлік, ал халық жеке тұлғалардың арандатуына ілесіп, ұлттық және конфессиялық жағынан тарыдай шашыраған кезде мұндай жанжалдар – зор қасырет.

Жасампаздық жеңіл дүние емес, ал талқандау мен қирату – әрқашан оңай. Тұрақтылықты сақтау, бейбітшілікті қорғау, шынайы құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру, оларға бейбітшілікті сақтаудың маңыздылығын, ынтымақтың құндылығын жеткізу – міне басты міндет.

Біз – жер шарындағы айрышқа бір мамыражай аймақта бейбіт қатар өмір сүріп, өзара татулықты қастерлейтін бірегей елде ғұмыр кешіп жатқан ғадайып ел екендігімізді есте сақтауымыз қажет.

Оралбай Әбдікәрімов,

қоғам және саясат қайраткері

https://qazaquni.kz/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *