Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2018 жылы 19 қыркүйек күні сағ. 16.00-де 798 Gallery, Ouli TianShan Art Museum филиалының қолдауымен алматылық жас суретші Гүзел Закированың «Орталық Азия келбеті»/«Faces of Central Asia» атты жеке көрмесі ашылады.
Гузел Закирова Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика институтының «Кескіндеме» мамандығын меңгерген көркем – графика факультетінің түлегі, кескіндеме өнерінің магистрі, сонымен қатар Қытай қаласындағы Синьян өнер институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Алматы сәулет-құрылыс колледжінде өнер тарихының оқытушысы ретінде бастады.
«Орталық Азия келбеті» көрмесінде Орталық Азия мен Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің графикалық портреттері сериясы ұсынылмақ. Олардың портреттегі бейнелері арқылы Орталық Азия халықтарының мәдени және рухани байлығын тануға болады.
Көрменің көркемдік негізі – бір-біріне қарама-қайшы: қара және ақ түстерден жасалған графикалық және ішінара акварельдік портреттер. Өз жұмыстарында автор «Азия жүрегіне» айналған орталық-азия өңіріндегі саналуан этникалық және мәдени ерекшеліктерді ашып көрсетуге мән берген.
«Faces of Central Asia» — тек көркем туындылар сериясы ғана емес, бұл суретшінің Орталық Азия өңіріне жасаған саяхаты кезінде жасалған визуалды күнделік. Гузель саяхаттан алған әсерімен: «Мен көркем туындыларым арқылы Азияның өзім таныған ешкімге беймәлім қыр-сырын көрсеткім келеді» – деп бөліседі.
«Faces of Central Asia» сериясы – бұл сондай-ақ автордың 2016 жылы басталған және Қытайдағы «Сo – Construction of Harmonious Culture» көрмесінде ұсынылған «1001 FOX» (1001 face of Xinjiang) атты жеке жобасының нәтижесі. Бастапқыда бұл қарапайым жолаушылардың жылдам салынған эскиздері болды, кейіндері Орталық Азияға жасаған саяхаты барысында өзіндің портреттер галереясын құру туралы ой келеді.
Гузел жасаған саяхаттың негізгі бағыты Ұлы Жібек Жолының: Алматы-Қашқар- Бішкек – Наманган бағытымен өтті.
Жасыл желекті тау беткейлері, егісті алқап, шығыс базарлары, тар көшені бойлай орналасқан ірілі-ұсақ дүкендер, жеңіл көліктер мен автобустардың кептелісі – бұл біз көретін көріністің кішкентай ғана бір бөлшегі. Азияның шынайы бейнесін Гузель Закирова Орталық Азиядағы түрлі ұлт өкілдерінің бейнесімен береді. Ол арқылы халықтың антропологиялық сипатын, тарихын, мәдени дәстүрлері мен ұлттық ерекшеліктерін тануға болады. Әсіресе, тарихтың куәсіндей қарт адамдарды көп бейнелеген.
Гузел Закированың жұмыстары бұған дейін де Ресей (Мәскеу), Түркия (Стамбул қ.), Қытай (Үрімші қ.) және т.б. елдерде өткізілген халықаралық көрмелерде көрсетілген. Гузел – Мәскеу қаласындағы Жас суретшілер одағының мүшесі, «Илхам» ұйғыр меценаттары сыйлығының жүлдегері.
Көрмеде суретшінің 80-ге жуық жұмыстары ұсынылмақ.
Көрменің ашылу салтанатында «DOLAN» ансамблі және «Deleon_Band» тобы өнер көрсетеді. Ақпараттық қолдау көрсетуші — «Doppa Life» интернет порталы.
Көрмеге келуші алғашқы 100 адамға автордан кәдесый.
Көрме 2018 жылдың 4 қазанына дейін жалғасады.