Головкин өзінің алғашқы жеңілісі туралы пікір білдірді

Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин  мен мексикалық Сауль Альварестің рематчы Головкиннің кәсіпқой бокстағы тұңғыш жеңілісімен аяқталды.

Орта салмақтағы экс-чемпион, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареспен өткен матч-реванштағы жеңілісі туралы пікірін білдірді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. Олардың жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды.  «Мен жекпе-жекте кім жеңгенін айтпаймын, өйткені төрешілер шешімімен «Канело» ұтты. Жанкүйерлер үшін жақсы жекпе-жек өтті деп ойлаймын. Мен одан жақсы төбелесемін деп ойладым», — деді Головкин.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *