Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының қожайыны анықталды

АІВА 2019 жылы өтетін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының мерзімін жариялады.

Халықаралық қауымдастық мәліметінше, әйелдер арасындағы әлем біріншілігі 3-13 қазан аралығында Улан-Удэ (Бурятия республикасы, Ресей Федерациясы) қаласында өтеді.

Боксшы қыздар арасындағы әлемдік дода 2001 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазақстан 2016 жылғы әлем чемпионатын Астанада өткізген болатын. Өз жерімізде біздің спортшыларымыз 4 алтын медаль жеңіп алды.

Атап айтар болсақ, Назым Қызайбай (48 келі), Дина Жоламан (54 келі), Валентина Хальзова (69 келі) және Ләззат Күнгейбаевалар (+81 келі) алтыннан алқа тақты.

Былтыр Үндістанда өткен әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары бір күміс, бір қола медаль иеленді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *