Дзюдодан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирдің іріктеуіне қатысады

Токио Олимпиадасы қарсаңында дзюдодан алғаш рет аралас командалық сын бойынша іріктеу жарыстары өтеді.

Жарыс қожайыны ретінде Жапония дзюдошылары автоматты түрде Олимпиада жолдамасына иелік етті. Олардың алдында алты салмақ бойынша үздік балуандарды іріктеп алу мақсаты ғана тұр.

Жапониядан бөлек, 10 мемлекет іріктеу сындарына қатысу құқығын алды.

Нақтылай түсетін болсақ, аралас командалық турнирге Бразилия, Канада, Куба, Қазақстан, Франция, Германия, Венгрия, Нидерланд, Ресей және Оңтүстік Корея спортшылары дайындалуда.

Командалық бәсекеде дзюдошылар алты салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Қыздар -57, -70, +70 келіде, ерлер -73, -90, +90 келіде өзара үздіктерді анықтайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *