«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ САЛАСЫН ШІРІТІП БІТІРДІК…» Өмірзақ Мелдеханов:

«Қазақстан», «Нұрсұлтан», «Нұр Отан». Бұл үш сөз ұлтжанды ұрпақ үшін егіз ұғым. Бүгінде «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы ұйым. Халық та «Нұр Отан» партиясына бүйрегін бұрып, қоғам тынысындағы қайбір мәселелерін сеніп тапсыра алады. Бұл сенімнің үдесінен шығуға ат салысқан азаматтардың бірі- Өмірзақ Мелдеханов. Саналы ғұмырын халыққа қызмет етуге арнаған азамат ең алдымен адами болмысымен өзгелерден ерек тұр. Беделі қанша артқанымен, халықтан төмен екенін ұмытпаған тұлғаны сөзге тартқан едік, қоғамдағы бір қатар мәселелер жөнінде көркем ойларын ортаға салды.
— Балалық шағыңызға көз жүгіртсек.Қай өңірдің тумасысыз? Отбасыңызда неше бала болып өстіңіздер? Орта білімді қайда алдыңыз?Алғашқы еңбек жолыңызды қайда, қашан бастадыңыз?
— Менің кіндік қаным тамған жер — Мақтарал ауданы. Осы жерде мен 1953 жылы 20 сәуірде дүниеге келдім.Біз 5 ағайынды болдық. 4 қыз, 1 ұл болып бір-бірімізді жетектеп өстік. Мен жанұямыздың жалғыз ұлы болғандықтан, маған артылған жүктің бәсі басым болды. Анам кішкентай кезімнен менің ұлым бастық болады деп маған үлкен үміт артты. Мен 3 жасқа келгенде әкем өмірден озды. Әкелік махаббатты тек 3 жыл сезіндім.Дегенмен, анамыз бізге әкеміздің жоқтығын білдірмеуге тырысты. Ана орнына ана, әке орнына әке болды.Біздің Мақтарал ауданы ақ алтынның Отаны болғандықтан, бізде еңбекке ерте араластық. Шабыққа шығып, мақта теріп өстік. Менің ойымша, еңбекпен өскен бала адал астың қадірін біледі. Кез-келген нәрсе оңайлықпен келмейтінін, артында адал еңбектің тері тұрғанын түсінеді.
Мен ең алғашқы әріпті В. И. Ленинатындағы орта мектебінен таныдым. Одан кейін Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте білім алдым. 8 жылдықСовхоздың орталығында бітірдім.Мектепті бітірген жылы оқуға түсе алмадым.Екінші жылы «Қазақ химия технологиялық»университетінде жоғары білімімді жалғастырдым.Яғни, қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті.Қолыма дипломымды алған соң жұмысқа кірісіп кеттім. Еңбек жолымды қарапайым жұмысшы болып бастадым.УПТК«Шымкент строй» управление производственно-технологической комплектации басқармасында жүк тиеуші болдым. 5-6 айдан соңбригада басшысы қызметіне ауыстым. Тағы 5-6 айдан соң шебер болдым.Осы жұмыс орнында бөлім басшысы қызметіне дейін көтерілдім. Кейіннен қызмет бабымен Семей қаласына келдім. Мұнда құрылыс басқармасының орынбасары болып қызмет еттім.
-Сіз қарапайым жұмысшы кезіңізде осында ел ағасы болып, игі істерге ұйытқы болып, көптің көңілінен шығатын саясаткер боламын деп ойладыңыз ба?
— Ол кезде ондай ой болған жоқ.Бірақ бала кезден біз кеңесүкіметі кезінде өскендіктен, бізде «райком секретарь» деген құдайдай көрінетін.Сондықтан сол кезде «Мен райком секретарь боламын» деп армандамаған бала болмаған шығар.Сол арман қуған балалардың арасында мен де болдым. Уақыт өте құрылысбасқарма басшысының орынбасары болып жүріп, секретарь партий бюро болдым. Сол уақыттан бастап менің партия қатынасындағы қызметтестерім аз болмады. Кейін әртүрлі жұмыстарда қызмет жасай келіп, Алматыға аттандым. Алайда түбінде өзіміздің Шымкентке қайта оралдым.Мұнда да құрылыс жұмыстары бойынша еңбек еттім. 1993-1996 жылдар аралығында ХимФарм зауытынын директоры болдым. Ол кезде 40 жаста болатынмын, қызық кездер болатын. Кейін 2004 жылы Абай ауданына «Нұр Отан» партиясының төрағасы болып келдім.Екі жылдан соң, 2006 жылы қалалық «Нұр Отанға» төраға болып сайландым.Содан бері«Нұр Отанда» 12 жыл қызмет еттім.
— «Жемқорлыққа жол жоқ!» Осылай барлық жерде жазылып та, айтылып та жатыр. Дегенмен, сөзден іске көшетін сәт әлі күнге дейін тумай отыр. Әсіресе, осы олқылық біздің өңірде дендеп тұрғандай. Себебі, көптің көкейінде «Шымкентский вариант» деген ұғым бар. Бұған көзқарасыңыз қалай?
— Біздің Қазақстанда сыбайлас жемқорлық барлық жерде өршіп тұр. Ал енді, оңтүстіктің ауызға көп ілігуінің себебі біздің өңірде БАҚ қызметкерлері көп.Сол журналисттер түймедей нәрсе ұрланатын болса, оны түйедей қылып айтады. Ол қай мағынада, ол бір жағынан жақсы.Өйткені оңтүстікте 10 000 теңге ұрланса, барлық жерге жария жасаймыз. Бұл үрдіс тек біздің жақта. Солтүстік жақта, Астана жақта, басқа да аймақтарда ондай нәрсеге көңіл бөлмейді. Миллиард ұрланбаса,қатты дабыра қыла бермейді.Алайда, ол жақтағы жағдай да бізден кем емес. Мен солтүстікте де істеген азаматтың бірімін.Ол өңірде оңтүстіктен көп ұрламаса, аз ұрламайды. Содан соң, ол жақта халық көп орналасқан.Біздің аймақтың тұрғындары сияқты бір-біріне сын айтуды жаны сүйеді.Біреу ұрлап қойса, сен ұрладың деп бетке айтқанға шебер.Бір байқағаным басқа облыстарда үндемей ғана отырады. Дегенмен, біздің аймақта үйде қол қусырып отырған адамды көрмейсің.Үйде отыр деген адамның өзі малымен немесе тағы басқа да жұмыспен, базарымен айналысып отырады.Осының арқасында бізде ең төмен айлық болса да, халқымыз жаманды — жақсылы күнін көріп отыр. Ал енді, жемқорлық қылмысы жағы көп деп айтылатын себебі, бізде газет, журналдар көп, теледидар көп.Бұдан бөлек, блогерлердің қарасы қалың. Осылардың барлығы тыныш жатқан жоқ.Елге хабарлап жатқан соң, бізде көп сияқты болып көрінеді. Статистикалық дерекке сүйенсек, Республика аймағында сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 2018 жылдың 8 айында Түркістан облысы 11 орында .Ал, Алматы — 1 орында, Алматы облысы — 2 орында, Астана қаласы — 3 орында, Шығыс Қазақстан облысы -4 орында, Қарағанды жақ — 5 орында, Қостанай — 6 орында тұр.Оларды ешкім сынап жатқан жоқ. Түркістан облысын Шымкент халқымен қосып санағанда 3 000 000 адам. Республика бойынша халық саны жөнінен 1 орында. Алматы облысы 2 орынды алады. Қылмыс санын адам басына шаққанда біздегі қылмыс олардікінің жанында түкке тұрғысыз болып қалады. 2018 жылы 8 айда болған қылмыс саны бойынша 10 000 адамға шаққан кезде біздің Түркістан облысы ең соңында тұр. Соңғы орында қалып қойыппыз, өйткені қылмыс аз. Адам өлтіру жағын алсақ, 11 орында Түркістан, ал 1 және 2 орында Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан. Бізде көп айтатын мәселенің бірі «зорлау».Сол мәселе бойынша да көп шу көтеріледі.Бұл жерде біздің Түркістан облысы 78 санымен 4 орында, Алматы облысы 1 орында, Алматы қаласы 2 орында, Шығыс Қазақстан 3 орында. Ал,10 000 халыққа шаққанда Қостанай облысы 1 орынға шығады, Астана 2 орында, Алматы облысы 3 орында, Ақмола 4 орында, Батыс Қазақстан 5 орында, Шығыс Қазақстан 6 орында, Алматы 7 орында, соның бәрінен кейін 11 орында — Түркістан.Біздегі бір бала зорлығы туралы Аружан Сайн қанша рет қайталады.Бірақ түбінде Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша болып жатқан «зорлық» мәселесімен ауыз ашқан жоқ, неге? Өйткені олар мақсатты түрде Оңтүстікті ең оңбаған халық ретінде көрсеткісі бар. Ал енді біздің Оңтүстікте салт-дәстүр сақталған, қазақтың қаймағы тұрады. Ахмет Яссауиден бастап, сансыз әулие бабтары осы Түркістан облысында. Неге екенін білмеймін біздің өңірдің атын былғағысы келеді. Біздің облыстағыдай 60 шақты газет болатын болса оларда не болатынын білмеймін. Бізде адам саны көп болғандықтан, әрбір жұмыс орнына талас көп және қызмет саны аз.Сондықтан бұл жағдайларда айқай шу көбірек болатыны содан. Алайда, айқай шу көбірек болған жерде емес, әдетте тыныш жатқан жерде бәле көп. Бізде үкімет басындағылар көбінен оңтүстік облысының айқай шуына көңіл бөледі.Біздегі халық жоқ нәрседен бар қылып жұмыс істеп жатыр. Біреудің шөбін түсіріп, базарда арба айдаса да нанын тауып жеп отыр.Мемлекеттің субсидиясын да аз алатын осы біздің облыс.Ең аз айлық табіздің аймақта. Дегенмен, жұрт қатарлы күн көріп отыр.
— Қазіргі таңда жасөспірімдер мен жастар арасында өзіне өзі қол жұмсау жиі кездеседі.Осы мәселе, ең өзекті мәселе болып отыр. Бұл жағдайда кім кінәлі? Ата-ана ма? Мектеп пе? Орта ма? Бұл олқылықтың алдын қалай алуға болады?
— Бұл жағдайда негізгі мәселе ата-анаға шындап келгенде байланысты емес. Ата-ана барлық жерде бірдей. Ешқандай ата-ана баласына жамандық тілемейді.Біздің облыста бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінген. Өз баласын былай алғанда, туысының баласының тағдырына бей-жай қарай алмайды. Сондықтан, басқа облыстарға қарағанда бұл олқылықтың саны бізде аз. Менің ойымша, мұның негізгі себебі мынау. Қазіргі қоғамда ажырасу өте көп орын алып барады. Тағы да айта кететін жайт, жастар некеге дейін бірге болады. Бұл тастанды балалардың санын арттырып отыр. Жалғызбасты аналардың да қарасы артуда. Бұл жағдайлардың барлығы баланың мінез-құлқына, психологиясына тікелей әсер етеді
Екінші мәселе – ғаламтор. Барлық қылмысқа итермелеу осы интернеттен бастау алады. Қазір еңбектеген жастан, еңкейген қарияға дейін телефонға телміріп, ғаламтордың шырмауынан шыға алмай жатады. Сондықтан бұл ғаламтор деген қиын мәселе болып тұр. Өйткені қазіргі жастардың көбісі көшеде телефонды көп қолданады, сөйлесіп келе жатып көлік астына түсіп жатады. Қазіргі қоғамның бәрі ғаламтор ауруы болды. Ғаламторды мемлекеттік тұрғыдан ешқандай бақылау жоқ.Егер мемлекеттік бақылау жасайтын болса, сол кезде шектеп қана, жамандықты азырақ айтып, жақсылықты көбірек айтатын болсақ онда ол мәселе болмас еді. Өйткені Алла жақсы ниетіңе берем дейді.Қазақ «жақсы сөз жарым ырыс» деп босқа айтпаған. Жақсыой болса, жақсы ниет болса, жақсылық көбірек болады. Ал жаман ойласаң, жаманшылық тез келеді, Жаман нәрселерді ғаламтордан көріп, оның ойына сақталады. Өмірде кездесетін кішігірім қиындықтарға шыдамай, өлу арқылы осыдан құтыламын деп ойлайды. Бұл Алланың сынағы екенін түсінбейді. Себебі, діни сауаты да төмен. Ғаламтордың қазаққа тигізіп жатқан зардабы көп. Содан көрген жағымсыз жаңалықтар мен көріністерден де қоғам депрессияға түседі.
Бұдан бөлек, жүрген ортаңның әсері мол. Алайда, балалардың барлығының жүрген ортасы жақсы болуы мүмкін емес.Өзіміздіңұлттық құндылықтарымызды ұмыта бастадық. Бізге батыстан, Америкадан барлық жаман нәрселері келіп жатыр. Гей, бір жынысты неке дейміз, жігіттердің қыз болып,қыздардың еркекше тақырбастануы көбейіп барады.Мысалы айта кетсек, кеше «Кел келінім» бағдарламасын көзім шалып қалды. Мұхит Сапарбаев деген бағдарлама жүргізушісі Қаракөз ханыммен жүргізіп жатыр. Киген киімі мен шаш үлгісі де қыздардың стиліне жақын.Қазақ тілін жөнді сөйлей алмайды, әдеби тіл байлығы төмен, орыс тілі араласып кеткен тележүргізушілер көбейіп барады. Сонда жүрген қатысушылар да солай қазақ тілінде сөйлей алмайды. Байқағаным бағдарламада тек ұрыс — керіс, жастарға жаман үлгі көрсетіп тұр. Аша Матайдың бағдарламасы да бар. Қалаулым бағдарламасында да жастар ойына келгенін айтып отыр, сонда бұлар халыққа, қоғамға не үйретеді? Мұны көрген адам, ауылдағы ұрыс- керісті көргендей, ауыл арасындағы өсек сөздер сияқты. Сондай бағдарламалардың не қажеті бар бізге? Біздің мәдениет министрінің қарайтын мәселелері, облыстық әкімдердің, үкіметтің қарайтын жұмыстары ғой.Бірақ ешкім қарап жатқан жоқ, ешқандай айқай шу жоқ. Қалаған адам қалаған жеріне шығып, қалағанын жасап жатыр. Біздің ұлтты масқаралайтын да өзіміз, басқа жаққа жек көрінішпен көрсететін де өзіміз. Борат сияқты фильмді шығаруға көмектесетін де өзіміз. Өйткені мен Азаматтық альянста болдым, форумға қатысқан болатынмын. Сонда Қалия деген әнші қыз өлең айтты, бейнебаянын экраннан көрсетті. Содан кейін шығып сөйледі, сөйлеген сөзінің ішінде жігіттер айта алмайтын сөзді айтып тұр. Мүше қап деген нәрсені, қалай айтарын білмейді соны кленканы пайдаланады біздің қазақтың жігіттері деген әңгімені айтып тұр. Ол сөзді бүкіл дүниежүзі естіп тұр, сонда ол өзі әнші болса, үлкен 65 жасар мен айта алмайтын сөзді айтып тұр. Ол жерде үлкен адамдар отыр, кеңестік және қоғамдық ұжымдардың адамдары бар.Бүкіл дүниежүзінен адамдар жиналған. Сонда шараны ұйымдастырып отырған Асылбек Қожахметтіңсаясаттан хабары жоқ екендігін байқадым.
Біздің мемлекеттік идеалогиямыз болуы қажет.Ол идеалогия бірінші біздің ұлттық мәдениет пен сөз сөйлеу мәнерімізге сай болуы қажет. Теледидардан көрсетілетін бағдарламалардың сапасын қадағалау қажет. Теледидар -халықтың айнасы. Өскелең ұрпақ айтқанды емес, көргенді істейді. Солар сияқты әңгіме айтады, солар сияқты шала-жұрпы сөйлейді, солар сияқты киінеді. Ондай адамдар ұлттық болмысымызды құрдымға кетіріп жатыр.Біз батыстың яғни Американың іріген шіріген идеалогиясын қабылдап алып жатырмыз.Америкабіздің үкіметтік емес ұжымдарды, қоғамдық ұжымдарды, фонд дегендердің бәрін 70 пайызға қаржыландырып отыр. Америка тегін нәрсе береді деп кім айтты, тегін ештеңе бермейді, ол өзінің идеалогиясының үстемдігін жүргізу үшін ғана қаржы шығарады. Сол қаржыға мәз болып отыр біздің министріміз. Мен ойлаймын оған мәз болмау керек, оған жылау қажет деп шынында. Біздегі 77 халықаралық шет елдік ұйымдар жұмыс істейді екен. Олар фондтар мен ұйымдар. 77 ұйым ол ресіми түрде тіркелгендері ғана. 53 халықаралық ұйымдар бар. Американың және басқа да елдің қаржысына келіп жатқан фонд сорос. Солар ақшаны бөледі, енді біз соларды кіргізіп алып мәзбіз. Бұл — министріміздің мақтанып айтып отырған шаруасы.Мұндай жағдайға жылау керек. Өйткені біздің шет елден алатын ештеңеміз жоқ. Мен 1994 жылы Францияда француздармен кездесуде болдым. Сол кезде өздері айтып еді «Біз батыс іріп-шіріп кеттік, бізде келешек жоқ, біз шығыстан үміт күтеміз»деп. Ал олар шығыстан аламыз деп отырғанда, біз олардың шіріген нәрселерін алып келіп, кірістіріп отырмыз. Бірнәрсе айтсаң, шет елде мынандай болыпты бізде де солай болу қажет дейді. Біз білім саласында не жасадық, бүгінгі күнде білім саласын шірітіп бітірдік.Енді барлығын ақшаға сатып алып отыр. Ол нәрсе ешкімге құпия емес. Сондай білім алған дәрігер келешекте не жасауы мүмкін, ол адамды емдемей өлтіруі ықтимал. Сондай мұғалім не істеуі мүмкін, білім бермей наданды дайындауы мүмкін. Ал, надан инженер құлап қалатын үй салады. Надан оқу оқып шыққан наданнан қандай заңгер шығады? Ол заңгер шығарған шешімнен жазықсыз қаншама адам зардап шегеді. Соның арқасында біз ұлттық білімді жойып жіберуге алып келе жатырмыз.Бірақ ұлттық білім жойылса ұлт жойылады. Біз ұлттық білімімізді сақтай алмай отырмыз.Бүгінгі күнде, менің өзімнің ойым қазіргі таңда әр келген министр бір тәжірбие өткізеді.
-14-16жас аралығындағы мектеп оқушыларына түсік жасауға рұқсат беру туралы ұсыныс айтылды. Бұдан бөлек, «мүше қап таратайық»деп те пікір айтқандар бар.Бұл жайында алып-қосарыңыз бар ма?
— Біз қылықты қыздарымызды жоғалтып алдық.Бірақ әлі де кеш емес, қазірден бастап қимылдап, ұлтымызды жөнге салуымыз қажет. Бұл тек бір адамның айтуымен, іс-әрекетімен жүзеге аса алмайды. «Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас» деген. Тәрбие беру үшін жоғарыдан бастап кірісу қажет.Қарапайым адамдар инициативті көтеріп, жоғарыдағылардан қолдау керек.Сонда ғана ұлтымызды жөнге келтіре аламыз. Бүгінгі күнде неге олай болып жатыр, Америкадан келген идеалогия, батыстан келген идеалогия, соның бәрін біз ең жаман жағын қабылдап алып жатырмыз. Бізде 10-15 жыл бұрын гей деген нәрсені естімейтінбіз. Енді олар парад жасаймыз деп күнде көтеріліске шығып жүр.Өздерінің ұжымдарын құруды жоспарлауда. Және де біржынысты неке дегенді өмірімізде естімегенбіз.Олар да пайда болды. Міні соның бәрін біз өзіміз кіргізіп алып жатырмыз. Егер кіргізбейміз десек, ешкім зорлап кіргізбейді. Ең сорақысы, халықтың да бір жыныстыларға еттері үйреніп барады.
— Дариға Назарбаева қытай тілін үйренуді ұсынып жатыр, осы жайлы ойыңыз?
— Біз әлі қазақ тілімізді дұрыс меңгермей жатып, бізге қытай тілі, ағылшын тілінің бір тиынғақажет емес. Ұлт болам деген ел алдымен өз тілін меңгеріп алады.Содан кейін ғана өзге ұлттың тілі керек болса, оны өздері үйрене жатады. Оны зорлаудың қажеті жоқ.Оған программа жасап шаршаудың да қажеті жоқ. Талай мемлекет жүр, мына өзіміздің көрші Өзбекстаннан үлгі алу қажет.Басқаларын атамай ақ қоялық. Өз тілінде сөйлейді, өз тілінде оқиды, бірақ өзбек жүрмеген жер жоқ. Барлық жерде сол палауын пісіріп, шелпегін жасап, ресторанды басқарып Америкада да сол өзбек жүр. Басқа тілдерді оларға ешкім зорлап үйреткен жоқ. Бізге де қажеті жоқ.Мен оған түбегейлі қарсымын. Алдымен біз қазақ тілін меңгеріп, қазақ тілімен ұл қыздарымызды тәрбиелеп, өсіруіміз қажет.Салт дәстүрімізді сақтап, ұрпақ бойына тарата алуымыз ата-баба алдында сын болады. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елін қорғап, жеріне көз алартқан жауларын тәубесіне келтіріп отырған батыр бабаларымыз барлығын біз үшін, келешек ұрпақ үшін жасады. Солардың үмітін ақтау қажет. Қазақта «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» деген жақсы сөз бар. Өз тілін құрметтеген адам ең алдымен, туған тілін еркін меңгеріп, ана тілінде сөйлей алуы қажет.
— Қазіргі таңда біз латын әліпбиіне көшіп жатырмыз. Біршама қаражат пен уақытты талап ететін жаңа жүйеге не айтасыз. Латын қарпін қолдайсыз ба, әлде өзіміз үйренген кириллица ыңғайлы ма?
— Бұл шешімді қолдаймын. Бұл мәселе ұзақ уақыт ой елегінен өтіп, көптің талқысына салынып, келешек үшін қабылданған қаулы деп білемін. Еліміздің ертеңі үшін ешбір қиындыққа мойымай, алға жылжуымыз қажет. Елбасы асығыс соған көшіп кетіндер деген жоқ, бұл кезең-кезеңімен өтетін нәрсе. Бірақ дәл қазір соған өтетін болсақ біз көп нәрседен құр қаламыз. Біріншіден, біз барлық мәселені орыс тілінде оқимыз, ақпараттың барлығы орыс тілінде жазылған.Біздің жасымыздағылар, бізден кейінгілер соған үйренген. Сол себепті, қатты асығыстық танытудың қажеті жоқ.
— «Жас келсе, іске, қарт келсе асқа». Дана халқымыз не айтса, тегін айтпайды. Өзіңізде жастық жалынның қарқынымен ерінбей еңбек етіп, жарқын жетістіктерге жеттіңіз. Ең бастысы халыққа сапалы қызмет еттіңіз. Жасыңыз келе елге сыйлы елағасы болып отырсыз. Ал,қазіргі таңдағы жастарға көңіліңіз толады ма? Сіздің кезіңіздегі жастардан ерекшелігі қандай?
— Менің жастарға көңілім толады. Қазіргі жастар білімді, үйренуге дайын. Ең бастысы, сол жастарды тура жолға бағыттай алсақ, мәселе сонда. Әр заманның жасы, өз заманына сай, өткен ұрпақтан анағұрлым білімді. Оған біз қуанамыз.Бірақ бір мәселе сол бағыт бағдарды, тәлім — тәрбиені тура беруімізде болып тұр. Жастар десек, ең алдымен көз алдымызға жұмыссыздық сап ете түсетіні анық. Жастарды жұмыспен қамту үшін, керек мамандықтарға оқыту қажет. Жастардың көпшілігі бүгінгі күнде барлығы әнші, биші болып көңіл көтеруге үйреніп жатыр. Барлығы талант бар ма, жоқ па фонограммамен айтып, кез- келгені жұлдыз болып жатыр. Сондықтан фонограмма дегенді бірінші орында құрту қажет.Айтатын әнін, оқитын көркемсөзін жанды дауыспен айтып, жанды дауыспен есту қажет. Сонда ғана адамның кім екені білінеді. Таланты барлар жарып шығады.Мысалы Димаш Құдайберген шықты. Кезінде министр қабылдамай қойды, кезінде мықты деген әншілерді байқауда түкке жарамайды деп қайтарып жіберді.Соған қарамай талант жарып шықты. Сондықтан біз өз- өзімізді алдауды қоюымыз қажет. Ол алдау деген нәрсе фонограмманы тындау, өйткені өлеңді қалай болса солай электрондық жабдықтармен туралап алады, қойып алып аузын жыбырлатып тұру кез келгеннің қолынан келетін нәрсе. Тойлардың өзінде әншілер емес, олардың барлығы жай ғана аузын жыбырлатып, билеп тұрады. Ал әнді айтып жатқан фонограмма.
Фин халқында сыбайлас жемқорлыққа қарсы өздерінің ұстанымдары бар. Сән — салтанатқа, байлыққа қызығушылық жоқ, оны орта ғасырлық әдет ғұрып ретінде көреді екен.Сондықтан олар мансап пен байлыққа аса қатты мән бермейді. Алтынданған дәретханаға, тек ақымақ қана барып отырады, оның бізге қажеті жоқ деп есептейді. Ал бізде бәріміз бір- бірімізден қалыспай киінуге ұмтыламыз, ал апаларымыз 5 көйлекпен де өмір сүрген. Адамның тойымсыздығының салдары мұның бәрі. Бағалы затқа көп қызығамыз.Тойымсыздық — халықты бұзатын нәрсе. Ақшаға деген құмарлық ұрлыққа апаратын жолға әкеліп соғады. Тағы бір айта кететін мәселе,«Халқын жек көретін азаматтар ғана өз отбасын халықтың есебінен байытады»,-дейді Фин халқы.Мұны тек қасиетсіз адамдар ғана жасайды деп есептейді. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» шындап келгенде ұл әкенің айтқанын істемейді, одан көргенін істейді екен. Өз балаларын жек көретін адам ғана халықтың ақшасын жымқырады. Финдер ұры әрқашанда қорқақ келеді деп есептейді, неге? Өйткені ол өмірі үрейде өмір сүреді.Ұсталып қаламын ба, және басқада оймен жүреді екен, ол еш уақытта өзін еркін сезінбейді екен. Финдер еш уақытта балаларына дайын нәрсені бермейді екен.Ұл -қыздарына өздері қол жеткізуді үйретеді екен. Қазақтада бар « Әкенің байлығы ұлға мал болмайды» деген, оларда да соны ұстанады екен. Бірақ біз бәрін айтамыз да, бірақ ұмытып кеткенбіз. Бірақ осы сөзі ұстанғаннан Фин халқында сыбайлас жемқорлық деген нәрсе мүлдем жоқ. Бізге бар — жоғы осы нәрселерді ұстансақ ешқандай қиындық тумас еді. Ол үшін біз жоғарыдан бастап түгелімен өзгертуіміз қажет.Төменнен емес, жоғарыдан бастау қажет. Өйткені жоғарыда отырғандардың көбісі, ұрлықтың арқасында байып отыр. Соған қазіргі жастар еліктеп отыр, ол ауру бәрінде бар. Сондықтан ұлт сау болу үшін, ішкі дүниесін өзгерту қажет. Қағидатқа сай, ол қағидат мұсылман дінінде, құранда жазылып қойған соны орындауымыз қажет. Және де өзімізден кейінгі ұрпаққа үлгі бола білуіміз қажет.

-Бала тәрбиесініңнегізі не депойлайсыз? Өз балаларыңызға қаншалықты көңіл бөлдіңіз?
-Қазақта «әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген жақсы сөз бар. Мен кезінде қызмет бабымен жүріп, бала-шағаныңтәрбиесінекөпкөңілбөлеалмадым-ау деп ойлайтын едім. Ұлдарымныңтәрбиесіменанасыайналысты. Дегенмен, қазақешқандайсөздібекерайтпайды екен. Меніңперзенттерім де мен жүргенжолменжүріп, меніңізімненеріпкелген екен. Бүгіндеүлкенұлымқұрылыссаласындақызмететеді. Кәсібінеадал. 5 уақытнамызыноқиды. Мен ұстанғанпринциптіол да ұстаныметкен. Сондықтанәрбірадамжасағанісіне, айтқансөзіне, болмысынамұқиятболуықажет. «Жақсыданжамантуса да, жаманнанжақсытуса да тартпайқоймаснегізге» деген. Бала көргенімен, көңілге түйгенімен өседі. Ішкіжан-дүниемізкөркемболуы қажет. Сонда ғанақазақұлтболыпқалаалады. Көптіңбіріболып, көппенбіргежоқболыпкетуімізықтимал.
-Бүгінгіқоғамдағыөзектімәселеніңбірі – діни экстремизм. Атадінненалыстатып, жастардыадастыратындіниағымдардендепбарады. Бұлолқылықтыңалдынқалайалуғаболады, ойыңыздыортаға салсаңыз.
-Бахабизм, салафизмдегенағымдардыңтүптамырыбір. Мақсаты – ислам дінінбұрмалап, жоққашығаруыүшін жасалған дүние. МұныңбәріҰлыОтансоғысыжылдарынанберікележатыр. Солуақыттанберіқаншамаадамды тура жолдантайдырды, тайдырып та келеді. Мен бүгінғанажағаұстатаржаңалықестідім. Төртбаласы бар әйел22жасарсақалдығатұрмысқашығыпты. Өгейәкесіалтыжасарбаланықұрандыдұрысоқымадыңдеп, аяусызұрып, өлтіріп қойған. Осығандейінжеткенде не айтуғаболады. Бұданасқанқатігездік бар ма? Сондықтан, бұлнәрседенсақболуыкерек. Мен осы мәселеніталайреткөтердім. КөршілесӨзбекстанмемлекетіндегідей 1,20 метрліктүрмежасауқажетдеп те ұсыныстастадым. Ондайабақтыданшыққанадамбелінжазыпжүреалмайды. Меніңойымша, елдіішіненіріткен осындайазаматтарғабұлжазаауыремесдепойлаймын. Бұданкейін, олардыөздерінжекеқамауқажет. Біздіңеліміздебәрінбіргеқамайды. Осы жағдайбойынша, істіболыптемірторғажабылғанадамбостандыққашыққаншатүрмедегіадамдардыңбарлығыныңсанасынулапбітеді. Мен құқыққорғаусаласыныңмамандарына да айттым. Осындаймәселебойыншатіркеудетұрғаназаматтардыңаттарынжариялауқажет. Қарапайым халықтан оны жасырудың қажеті жоқ. Қоғамның да хабары болуықажет. Көшебойындағыжарнамабұрышынапарақшалардыілукерек. Сонда адамдар да оларданіргесін аулақ ұстайды. Олар да жұрттыңкөзқарасынансескеніп, ойларынөзгертуімүмкін.
-Қазіргітаңда, халықтың бас ауруынаайналғанмәселеніңбірі – коммуналдытөлемдерқұны. Халықтыңтапқан-таянғандарыжарық, жылу, көгілдір отын (газ), судыңшығынынанартылмайды. Бұлжайтбойыншакөзқарасыңызқалай?
-Біздіңоблыстыңтұрғындарыеңқымбаткоммуналдықызметтүрлерінтұтынады. Басқа ешқандай аймақ біздің төлейтін төлемдерімізді төлемейді. Мұныңбірден-бірсебебі – біздіңөңірдеқазақылықтыңқаймағы тұнған. Атамқазақтыңқанындақойдай жуастық бар.Қалайтепкілесе де дымыншығармайды. Айтқанынакөніп, дегендеріністепжүребереді. Осыныңзиянынөздерішегіпотыр. «Жалғыздың үні шықпас, Жаяудың шаңы шықпас». Ешкімніңдаусыншығарып, қарсылықбілдіругеқұқықтанытпайды. Бір-екеуіайтады, қояды. Олардыңайтқанынаешкімқұлақаспайды. Бұл мәселені мен республика көлемінде көтердім. Халықтыңжан-айқайынСағынтаевқажеткіздім. Алайда, ешқандайжауапқайтпады. Содансоң, ТемурКулебаеқа,АбылайМырзахметовкежолдадым. ОсыныңнәтижесіндесөзімізЕлбасығажетті. БүгіндеЕлбасыныңтапсырмасыбойыншатексеружұмыстарыбасталды. Біздіңөңірге де көпұзамайжетеді. Менде 100 000 теңгеденбастап, 280 000 теңгегедейінжететін 500 түбіртек бар. Бес жылдыңішінденәтижеболды. Біздіңөңірдежекеазаматтарүшін 5 жылдыңішінденәтижеболды. Біздіңөңірдежекеазаматтарүшінорташакоммуналдыққызмет құны 36 000, Мәскеуде 25 000, Өзбекстанда 8000 теңге. Сонда бізМәскеуденартықтұрамыз ба? Статистикалықдеректергесүйенсек, біздіңаймақтаорташаайлыққұны – жүзсегізмыңтеңге. Кімжүзсегізмыңалыпжатырайтыңызшы? 36 000,50 000,60000 жалақыалыпжүргендер бар. Ал, жүзмыңнанжоғарыеңбекақыны тек басшыларғанаалыпотыр. Сонда мұндайорташаайлықкөлеміқалайшықты? Сонда да, еңқымбаткоммуналдыққызметтүрінбізтөлейміз. Біздебір метр шаршы квадратқажұмсалатынқызметқұны –363 теңге 33тиын. Ал,Қарағандыда 15 теңге. Салыстырыпкөріңізші. Олардажалақыкөлемі де бізденжоғары. Ең аз жалақыалып, еңқымбаттарифтібізтөлепотырмыз.
— Өзіңіз басқарып отырған қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеті қандай? Қоғамдық ұйымға кім мүше бола алады?
-Ұлт жоспары – Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 99 нақты қадамын орындау мақсатында 2015 жылғы 2 қарашада Қоғамдық кеңестердің мәртебесі мен өкілеттілігін анықтайтын «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды.Осы қоғамдық кеңестер арқылы Қазақстанның кез-келген азаматы мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық негізде үн қоса алады. Яғни, мемлекеттік органдардың қандай да бір шешімдерді қабылдауына ықпал етеді.Ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді, халықтың мұң-мұқтажын тікелей билік өкілдеріне жеткізуші механизмнің рөлін атқарады.Жоғарыда аталған Заңға сәйкес қоғамдық кеңестер республикалық және жергілікті деңгейде құрылады.Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері туралы жігін ажыратып айтатын болсақ-ол Әділет министрлігінің қызметіне қатысты қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікірін білдіру, осы ұйым қызметінің мақсаты болып табылады.Қызметтік міндетіне қатысты оның ауқымы — біріншіден азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, екіншіден Әділет министрлігінің азаматтық қоғаммен өзара іс қимыл жасауын дамыту, үшіншіден — қоғамдық бақылауды жүргізу мен ұйымдастыру нәтижесінде Әділет министрлігі қызметінің тиімділігін, ашықтығын, және айқындығын арттыру, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру, осы органдардың қызметіне сенім денгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында қайтымды байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеліністердің алдын алу және оларды шешу міндеттері басшылыққа алынған.Қоғамдық ұйымға 18ге толған, сотталмаған кез-келген адам мүше бола алады.
-Биыл тағы да сайлауға түсетін ойыңыз бар ма?
-Міндетті түрде сайлауға түсемін. Әзірге денсаулығым жарап тұрғанда мен халқыма қызмет етіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, шешіп беруге барлық күш-жігерімді жұмсаймын.
-Өмірлікұстанымыңызқандай?
-Бірінші адам өзісіне адал болуы қажет. Өзіңе адал болсаң, қалған тірлігіңнің барлығы ойдағыдай болады. Өзіңе не тілесең, жұртқа да сонытілеуденжалтармаукерек.
Сұхбатыңызға рахмет! Еңбегіңізге табыс, отбасыңызға амандық тілеймін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *