«ПАРТИЯЛЫҚ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІНЕ ӘЛІ ЕРТЕ. СОНДА «АҚЖОЛ», «АУЫЛ», «КОММУНИСТЕР» ПАРТИЯСЫ ТАСАДА ҚАЛА МА?»

Батырбек ЗИЯТАЕВ

«Басында бұлағы бар өзен ұзаққа ағады». Адалдық пен жомарттық ата-баба рухынан, әке қаны мен ана сүтімен дарыған қасиет екенін Болатбек Зиятаевтың өмір жолынан аңғарамыз. Бүгінде зейнет жасына шығып, жасы жетпіске таяса да еңбектен қол үзбеген азамат жас мамандарға бағдар берер жарық шам секілді. Өне бойы жаман қылықтарға жат   ердің ғибратты ғұмыры өскелең ұрпаққа үлгі. «Темір тас»  кәсіпорнының атқарушы директоры, аудандық мәслихаттың 4 дүркін депутаты, Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, Сайрам ауданының құрметті азаматы бүгінгі сұхбатымыздың қонағы Еңбекпен есейген ер бізді кәсіпке деген адалдығымен тәнті етті.

— Батырбек аға, ең алдымен өмірлік жолыңыз жайлы айтып өтсеңіз.

 —Мен 1951 жылы қазан айының 2 жұлдызында дүниеге келдім. Сайрам ауданы Ақсукент ауылының тумасымын. 1969 жылы мектеп түлегі болдып, орта біліміді аяқтадым.  1970-1972 жылдары әскерде болып, Отан алдындағы борышымды өтеп қайттым. Әскерден келгеннен кейін «Қазақ Химия Технология» институтына түстім. Ол жерді 1975 жылы бітіріп шықтым. Осылайша маман мәртебесін алдым. Алғашқы еңбек жолымды «Беловод құрылыс материалдар комбинантында» жұмысшы болып бастадым. Содан кейін ұста болдым, кейіннен цех басшысы болдым. 1994 жылы араға 17 жыл салып директор қызметіне тағайындалдым. Бәріміз бірігіп, акционерлік қоғам құрдық. Кейіннен одан бөлініп шығып, өз еншімізді алдық. Өзіміз жеке акционерлік қоғам болдық, содан кейін «ТОО» болдық. Ол кезде жекелендіру деген болмаған. Мәселен тек қана мемлекеттік, мемлекеттің үлесі бар нысандар ғана жекешелендірілген кез болатын. Біздің мекемеде мемлекеттің үлесі жоқ еді ол кезде. Біз сонау колхоз стройдан шыққанбыз, яғни бір кездерде колхоздардың үлесінен құрылған едік.  Астана, Алматыда ұлт шаруашылық құрылыс жағынан мекеме ашылған. 1960 жылдары «Колхоз аралық құрылыс мекемесі» құрылды, өйткені 1960 жылдары колхоздар және совхоздар болды, совхоздарға мемлекет жәрдем береді. Ал колхоздарға ешкім жәрдем бермейді. Сол үшін колхоздарға көмек қолын созу керек еді. Осы себепті, «Колхоз строй» деген мекеме ашқан болатынмын. Әр облыста біздің бөлімдеріміз болған. Ол уақыттарда «Темір тас» деген атау болмаған,  ПМК болған. «Темір тас» деп атауының қою себебі, мен ЖБИ да директор болғаннан кейін ( Беловод құрылыс материал комбинанты) 90-шы жылы тоқырау кезі жұмыс жоқ болғандықтан, бәрі танып қалды. Акционерлік қоғам және тағы басқаларды құрды.  Сол кезде қазақшаға аудару керек болды, ЖБИ дегенді қазақшаға аудардық « Темір тас » деп. Біреулер «Тас темір» деп қоямыз деді, енді біреулер «Темір тас» деген соң солайынан қойдық.

1994 жылы біз акционерлік қоғам болғанбыз. Тоқырау кезінде колхоз стройдан қалған мекемелер далада қалып қойды. Өйткені мемлекет бізге қарамайды. Мемлекеттің меншігі емес бұл, колхоздан шыққан меншік. Содан соң әкімшіліктің шешімі мен баяғы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, аудандардың бәрі бос қалды. Олардың бәрін таратып, «Агро комбинаттар» құра бастады. Республикадағы агрокомбинант облыстық халықтың ауыл шаруашылық салалары мен қамтамасыз ету. Ештеңе жоқ болған соң, халықты бір шешіммен бағу керек болды. Сол агрокомбинанттың құрамына бізді де кіргізді. Біреулер өз еркімен кірді, біреулерді күштеп кіргізді. Әйтеуір, сол халыққа арналған мекемелерге, сол құрамға кіргізді. Соның құрамында мысалы біздің Сайрам ауданында «Сайрам профком строй» басқарма ашты. Сол басқарманың құрамында біз болдық. Акционерлік қоғамға кіру үшін бір жағынан төлеу керек. Ол кезде ақша жоқ, мекемелердің бәрінің бойында қарыз бар, налогта қарыз бар, материалдарға қарыздары бар, ол кезде медицинский страхование деген шыққан ол бар, күнде айқай-шу. Ақша жоқ болғаннан кейін ол жаққа кіре алмайсың. Содан кейін олар шешім шығарды. Агрокомбинант мүліктеріңмен кіріңдер деп, ал кіргеннен кейін ол ақша емес, қаражат емес. Аграртураның өзінің қарызы бар.  Одан кейін 7-8 мекеме келіп, біз қосылдық олардың қарызы келіп мойнына ілінді. Содан ол қарызға батып қалды. 1996 жылы қайтадан шешім шығарды. Бұл қарыздан құтыла алмайды, налог жылдан — жылға өсіп бара жатыр. Халықтың жалақысы жоқ, баяғы материалдан қарыздарымыз бар. Содан кейін қайтадан приказ шығарды. Онда «бөлініп өз алдына күндеріңді көріндер » деген шешім болды.  Баяғы қарыздарымызды, мекемелерімізді қайтарып берді, біз сөйтіп бөлінген болатынбыз. Қазіргі таңда бірден — бір қалған мекеме біз, қалғандары сатылып кетті, қирап кетті.

— Бүгінгі таңда зейнетке шықсаңызда еңбектен қол үзбедіңіз. Әлі күнге дейін кәсіпорын құрылтайшысы өзіңіз бе?

— Қазіргі таңда, кәсіпорында құрылтайшы Аязов деген кісі. Ол кісінің 92 % үлесі бар. Мен атқарушы директормын. Ал мен зейнетке шыққан соң құрылтайшы  «сіз көзіңізді ашқаннан бері осында істеп жатырсыз, сіз бізге үйретіңіз» деп мені атқарушы директор қылып тағайындады. Мен тек қана жұмыс жүргіземін, қалғандарын өздері істейді.

— Кез-келген кәсіптің өзіндік қиындықтары болады. Сіз сонау тоқырау жылдары кәсіпорынның іргесін құлатпай, берік ұстай білдіңіз. Мұның себебі неде?

Бізге Айтаханов 1999 жылы келсе, ол уақытқа дейін бізде құлдырау болмаған. Қарыздар болды басқа да болды, бірақ сол кезде колхоздан қол қойдырып ренген алып бердік. Ол кезде жалақыны азық-түлікпен беріп отыратынбыз. Ал жұмыс жоқ кезде  жұмыс жасамайтын қызметкерлер де айлық сұрамайды. 2001 жылы Түркістанның 1500 жылдығында болдық. Сол кезде қарқынды жұмыс істедік. Осылайша аяққа тұрдық. 1997 жылдан бастап 21 жыл өтіп кетті. 25 жылдығымызды үлкен той қылып жасасақ деген ой бар. Кейіннен Шымкент қаласындағы Нұрсат мөлек ауданын құруға ат салыстық. 2004 жылы Әмет келді өзінің жұмыскерлерімен, содан Айтахановтан кейін біз далада қалып қойдық.  Нұрсатқа барып сөйлесіп, бІз 2 үй алдық. Біреуі 5 қабатты, екіншісі қабатты. Сол жақтағы көшелерді, кірме жолдарды мен істегенмін. Астана қиылысымен Назарбаев көшесіндегі жолдарды біздің қызметкерлер салды. 2009 жылы Метродан Бәйдібек би алаңына дейін жол салдым.

-Кәсіпкерлердің бетпе — бет келетін қиыншылықтары қандай?

Кәсіпкерлердің бетпе — бет келетін ең қиыншылықтары ол — заң. Мысалы, лицензия болса болды тұрғын үй құрылыс  кешеніне қатыса береді. Ал техникаң бар ма, базаң барма оларға шектеу қоймаған. Бағаны түсіріп тастайды. Бағаны 35-40 пайыз түсіріп тастайды, ары қарай немен жұмыс жасайды. Сапасыз дүниелер осылай жасалады. Қазіргі материалдардың өзін сметаны 1-2 жыл бұрын істейді. Тендер 2019 жылы өтсе, сметалар 2016 жылы істеліп қояды. Қазіргі сметалардың бағасын көрсем  күлкім келеді.  Сметалар күннен — күнге қымбаттауда, бағасы өсуде резус тоқтап жатқан жоқ, кейде өзімде қорқып кетемін. бұл өзін ақтай алады ма жоқ па деп, олар ойламайды.  1-2 жыл еңбек өтілі бар. 2 балл алады немесе 3 балл алады. Ал, қалғанын бағамен алады. Осы мәселені көтергенбіз. Одан кейін тендер деген бар, процессті жазу оны 3 ай күту, ұтылып қалу процесстері жиі болады. Ұтылып қалсан жаза бересің, 2 ай бақылауда ұстап отырады. Уақыты кетіп бара жатса, ақшаны игермеді деп шығады.

-Сіз депутат болып отырғаннан бастап қандай халыққа пайдалы іс жасадыңыз?

Мен депутат болып сайланғанда Манкент ауданына қарасты Бірлік деген ауылда жер телімі бар. Сол елдімекенде мектеп жоқ еді. Бір ғана өзбек мектебі бар. Халық балаларын оқытатын мектеп болмай қиналып жүрді. Мен әкіммен келісіп, проектісін сұрадым. Сөйтсем, не проектісі жоқ. Жердің гос актісін де алмаған. Кейіннен мектепті 2015 жылы бітіріп кеттік. Бірлік ауылында қазір салынбаған тек3-4 көше ғана қалдыЖібек жолы мен Бірлікті қосатын жолды өз есебімнен салып бердім. Ақбұлақ ауылының бәріне жол тосеп шықтық. Мен депутат болғалы,ол жақта су, газ, жарық, жол мәселелері шешілген. Манкентте де солай. Енді біз де уақыт өткеннен кейін, жас келген соң депутаттықты қоямыз. Қазіргі жас депутаттармен жұмыс істеу мүмкін емес, ой қабілетіміз тура келмейді. Қанша түрлі адамдар бар Манкентте де Ақбұлақта да. Әр қайсының тұрмыс жағдайы әр түрлі, маған келеді біреулер жейтін нан жоқ, азық-түлік жоқ деп, немесе баламның мектепке баратын киімі жоқ дейді мен олардан аямаймын. Керек жарақтарына беремін, «Баланың мұнда кінәсі жоқ, сіз кінәлісіз соны таппаған, соны істемеген» деп айтып жіберемін. Қайтіп күн көресің, баланың аяғында біреуіне резінке етік киіп алыпты, ал біреуіне басқа етік киіп алған. Қайда барасың десем, сізге дейді, аяқ киімсіз мектепке бара алмай жүрмін дейді. Онсыз да етігі тесіліп қалыпты, жол лай соны кешіп жүр. Содан бухгалтерімді қосып жібердім, бір спорттық аяқ киім, бір киетін деп, барып алып берді. Ал енді Ақбұлақта бір орыстар тұрады көп балалы, кішкентай ғана үйі бар төбесінің ортасы құлайын деп тұрған. Өзім барып көргенде қорқып кеттім, бір күні құласа жас балаларды басып қалады. Содан ойланып, ашып қарайын десек, үйдің өзі құлайын деп тұр, амалдап ашып бердік шифырын өзің қағып аларсың дедік, ертеңгі күні үй құлап балаларды басып қалса мен кінәлі болмайын деп немесе басқа жаққа көшіндер дедім. Кейіннен өзі жасап алыпты. Қарап тұрсаңыз жетім балалар, бірақта тегі қазақша, әкесі қазақ болған ба сондай.

— Қазіргі кезде лауазымды қызметтегі адамдар, кәсіпкерлер балаларын шет елде оқытуға құмар. Шет елде оқыса жақсы білім алады деп ойлайды. Өзіңіз Оңтүстікте ғана оқып Қазақстанда білім алып отырып, «ҚР құрметті құрылысшысы» дәрежесіне дейін көтерілдіңіз. Бұған көзқарасыңыз қалай?

— Біздің де жақсы жоғарғы орындары бар Мұхтар Әуезов атындағы университет. Бірақ шет елде оқуына қарсымын. Оқымайтын бала шет елде де оқымайды, шет елде жүреді әке-шешесінің ақшасына. Ал біз оқып жүрген кезде технологическийді, мектепті қазақша бітірсекте сабақтың бәрі орысша жүретін. Ол мұғалімдік мамандық емес, бухгалтерлік мамандық емес технический мамандық. Терминдердің өзі өте қиын соны да игердік, сол кезде мысалы бір тиын береміз деп ойламаппыз, ондай ой басымызға кірген емес. Ал қазіргі жастардың басында сол ой, барады ақша береді немесе курсовойды ақшамен сатып алады, қазір көбісі сондай оларды істейтін маманда бар. Алдын бір кісі қоңырау шалып қоймады менің жиенім бар еді, соны қол астыңа ала қойшы деп. Келді осыдан 5-6 жыл бұрын, мен сұрадым одан не бітірдің деп, экономистпын деді, содан дипломыңды көрсетші десем сізге қанша диплом керек деді, менің алдыма екі диплом қойып жатыр. Мен айттым кейіннен сен қалай алдың екі дипломды, мен 5 жыл оқып жүріп зорға алдым бір дипломды, сен қалай алдың екеуін арасы 6 жыл, 3 жылдан оқыған екен. Содан оны осында алып отырғыздым, Рәкең деген шалдың қасына, қолына сметаны беріп осыдан материалдарды дайындап қой деп, ертеңіне ауруханаға түсіп қалдым. Кейін 10 күннен кейін келсем, әлі сол күйінде жатыр тұрған жерінде. Мынаны неге істемедің десем істеймін ғой, ертең істеймін дейді. Содан бір апта өтті, бәрін көрсеттім мынаны былай істе деп, бала түк білмейді, екі дипломы бар бірақ ештеңе білмейді. Кейін бағанағы кісіге айттым, мынауың түк білмейді ғой екі дипломы болғанымен деп, жұмыстан босатып жібердім. Сондай мамандар қазір. Қазіргі таңда жоғары оқу орнындағы білім сапасы өте төмен. Мысалы мемлекеттік және жеке меншік оқу орындары бар, мемлекеттік ұялады, ал жеке меншікте ақшасын төлеп тастаған олар баланың басында бір нәрсе бар ма жоқ па қарамайды, ақшасын төлеп тастап ай сайын 90 000 дай, қазіргі білім сондай.

— Келесі жылғы сайлау партиялық деңгейде болады дейді. Кандидаттардың партия арқылы іріктеуден өткеніне көзқарасыңыз қалай?

— Менің ойымша бұл жүйеге әлі ерте сияқты.. Мысалы жұрттың бәріне белгілі, беделді партия кім «Нұр Отан» партиясы. Ал одан басқа «Ақжол» , «Ауыл», «Коммунисттік» партиялар бар.  Олар өтпей қалу керек па, олар да өте береді. Ресейде осындай сияқты қанша партия бар, соның бәрі өтеді. Көп дауыс алған партия, көп орын алсын сенатта ол енді дұрыс, аз алғаны аз алсын. Әр партиядан мүше болу керек еді. Қазір ойлап отырсаң тек қана бір партияға кетейін деп тұр. Қазір Елбасы көп нәрсені істеп қойды. 1 қаңтардан бастап тарифтердің төмендеуі, мұғалімдердің жалақысы көтерілуі мәселелерін оң жолға қойды

-Осы уақытқа дейін аудандық мәслихат депутаты болып 4 дүркін сайландыңыз. Аудандық мәселелерді тиісті деңгейде көтеріп, халыққа қол ұшын созып келесіз. Осы мәселелерді облыс деңгейінде көтеріп, неге облыс мәслихат депутаты болмасқа?

— Кезінде маған облыстық мәслихат депутаты бол деген ұсыныстар түсті. Менің болғым келген жоқ. Ауданға да болғым келген жоқ еді. Кейін бір әкім келіп, Батеке болсаңызшы енді деп, 3 күн қалғанда сайлауға қатыстым. Өйткені, біздің ауданда өзбек ұлтының тұрғындары көп орналасқандықтан, қазақтар мен өзбек бауырларымыздың депутаттық сайлауда саны тең болуы қажет. Сондықтан теңестіру керек болды. 24 депутаттың 12-сі қазақ, 12 басқа ұлттан кондидат болдық.  Содан кейін ғана бардым. Ал, облысқа депутат болуға асықпаған себебім, біріншіөзім өскен аудандағы  күрмеуі шешілмеген мәселелерді шешіп алайын деген ойым.

— «Әке көрген оқ жонар». Сіздің перзенттеріңіздің арасынан жолыңызды қуып, құрылыс саласына бет бұрған ұрпақтарыңыз бар ма?

— Менің екінші балам кәсіпкер. Ол құрылыс жағында болды, жақында ғана Төлебидегі мектепті биыл бітірді. «Мемлекеттік жеке меншік әріптестік» деген бар, өз есебінен құрылыс жұмыстарын бастайды. Кейінен 5 жылдың  көлемінде мемлекеттен бөліп — бөліп ақшасын қайтарып алады. Олардың жұмысы енді басталып жатыр. Түркістан қаласынан кейін арғы жағында Балтакөл деген елдімекен бар. Сол жақтағы сырдарияның үстіндегі 300 метрлік көпірді салды, Арыста,Рабатта, Шаянда да дәл осындай жұмыстар жүргізді. Олар еңбекке енді кірісті. Болашағынан зор үміт күтемін. Халықты сапалы дүниелерімен қуанта береді деген сенімім мол.

— Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

— Мен өтірік сөйлегенді жек көремін. Қызметкерлеріме кез-келген жағдайда тек шындықты айтыңдар деп құлағына құямын. Біреу маған өтірік айтса, мен ол адамға өмір бойы қайта қарағым да келмейді.. Оның бәрін құдайдың өзі көріп отыр. Қарапайым бол, халықпен бірге бол, халықтың көрген күнін бірге көріп үйрене білу керек. Қанша биікке көтерілсең де, халықтан төмен екеніңді ұмытпауың қажет.

— «Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы». Сіз  құрылыс саласына бет бұрғанда бағыт-бағдар беріп, білікті маман етіп тәрбиелеуге ықпал еткен тұлға кім? Өзіңіз үлгі тұтатын құрылысшы бар ма?

— Мен үлгі тұтатын басқа құрылысшылардың барлығы қазір қартайып қалды. Мысалы баяғыда ең бірінші жұмысқа келген кезде қабылдаған тресстің басшысы бар еді. Өте әділ кісі болатын. Міні сол кісініүлгі тұтатынмын. Байымбетов деген кісі менің бастығым болған. Жақында тәуелсіздік күніне «Сайрам ауданының құрметті азаматы» болып марапатталды. Білімді де, жақсы құрылысшылар осылар. Біз солардың ізбасарларымыз. Біздің де жасымыз келіп қалды, сол кісілер берген тәлімді жастар бере алсам деймін. Қазір менде істеп жатқан жігіттердің барлығы жаман емес. Хамза, Мырзанат деген шәкірттерім бар . Өз жұмысына тиянақты. Ғабит  деген жігітті оқуды бітіре салып өзімнің қолыма алдым. Қазір бізде жұмыс істеп жатқанына 8-9 жыл болып қалды. Мықты маман тәрбиелеу үшін жастарға дұрыс бағдар беру керек.

— Қызметкерлерді жұмысқа қабылдар алдында қандай қасиетіне баса назар аударасыз?

— Адамды жұмысқа алар кезде ең бірінші қабілетіне қараймын.  Қандай адам ол? Істей алады ма әлде жоқ па? Бірінші объектіге жібереміз. Жан- жақты тәріибеден өткіземіз. Кез-келген адам қандай білімді болса да, келе салып жұмысты игеріп кете алмайды. Білмегенін бізден сұраса жәрдем береміз, соны сүйреп шығарамыз. Міні солай талпынғандар қалып жатыр. Қалғандары кетіп жатыр.

-Қазіргі таңда біз өзіміз бала тәрбиелеп отырмыз, қарттар үйіне барсаңыз көбіне орыстар еді, қазір қазақтар басым.Осы олқылықтың орын алуына кім кінәлі?  ата-ана ма, бала ма? Әлде қатыгез қоғам ба?

— Ата-ана не себепті кінәлі болуы қажет?  Оған санасыз бала мен келген көргенсіз келін кінәлі. Қазіргі қоғамда мейірім деген қалған жоқ, біреуге жан ашу жоқ. Мысалы баяғыда 50-60 жылдары, мына жерде бір ауыл, анау жерде бір ауыл болатын. Көрші ауылда біреу құдайы беріп, біреу қайтыс болса бәрі жиналып, атына мініп немесе жаяу болсын сол үйге баратын. Қазір есік алдына автобус апарып қойсаңда ешкім бармайды. Сол сияқты жастарда да мейірім қалған жоқ. Қайсы ата-ана бала — шағам жаман болсын деп тәрбиелейді. Мүмкін көңіл бөлмегенінен шығар.

Алтын уақытыңызды бөліп, сұхбат бергеніңізге ағысымыз шексіз. Еңбегіңізге еселі табыс тілейміз.

Н.Дарханбайқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *