Ө. ШӨКЕЕВ:  ШАРУАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПОЛИЭТИЛЕН ӨНІМДЕРІН ҚОЛҒА АЛУЫМЫЗ КЕРЕК. У.ШУКЕЕВ: СЛЕДУЕТ ОБРАТИТЬ ВНИМАНИЕ НА ПРОИЗВОДСТВО ПОЛИЭТИЛЕНОВОЙ ПРОДУКЦИИ

Ө. ШӨКЕЕВ:  ШАРУАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПОЛИЭТИЛЕН ӨНІМДЕРІН ҚОЛҒА АЛУЫМЫЗ КЕРЕК

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев  Жетісай ауданына арнайы іссапармен барып, бірқатар шаруа қожалықтарындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Ең алдымен өңір басшысы Ш.Ділдәбеков ауылдық округі Сырабат ауылындағы Хамит Тұрсынбековтың «Ынтымақ –10» шаруа қожалығына атбасын бұрды. 

 Қожалық биыл 3 гектар жерге ерте көктемгі қырыққабат отырғызса, 5 гектар жерін бақша егуге дайындап отыр. Қырыққабат дақылы  сәуір айының ортасында алғашқы өнімін бере бастайды. Мұндағы өнімдер негізінен Ресейге жөнелтілмек. Айта кетейік, биыл Жетісай ауданында 1200 гектарға жуық жерге ерте көктемгі қырыққабат отырғызылған.  Шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысқан Өмірзақ Естайұлы көктемгі ерте егілетін дақылдардың тиімділігі мол екенін және мұндай егіс көлемін жыл санап арттыру қажеттігіне тоқталып, сондай-ақ, жабындыларды шетелдік емес, отандық өнімдерді пайдалану керектігін айтты.

«Жалпы Жетісай ауданында ерте көктемгі дақылдар егу үрдісі бұрыннан бар. Осы істі мықтап қолға алған жөн. Өйткені, ерте егістіктің пайдасы жылыжайдан да тиімді болуы мүмкін. Сондықтан осы жайтты да ескерген жөн. Сонымен қатар, ерте егілетін егістікке қажетті полиэтилен өнімдерін қайта өңдеу ісіне де мән беруіміз қажет», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Өңір басшысы  Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Нұралы жол» шаруа қожалығының егістік алқаптарындағы агротехникалық шаралардың барысымен де танысты.   Аз шығын жұмсап, көп өнім алуда заманауи технологияларды пайдаланудың артықшылығын айтып,  шаруаларға мемлекеттен барлық қолдау болатынын жеткізді.

Бүгінде қожалық иелігінде 497 гектар егістік жер бар. Биыл мұнда  197 гектар жерге мақта, 188 гектарға бақша дақылдарын, 92 гектарға жоңышқа, 20 гектарға дәндік жүгері   егуді жоспарлап отыр.

Облыс басшысының назарынан Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Кернеу-лимитед» ЖШС-нің К-30 каналындағы бетондау жұмыстары да тыс қалған жоқ.

Өңір басшысы егістікке су  уақытында, қажет мөлшерде жетуі үшін  канал жұмысын жылдамдатып, тезірек ел игілігіне тапсыру қажеттігін жүктеді.

Бұл жұмыстардың тапсырыс берушісі – «ҚазСушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны.  Жобаның жалпы құны – 6 078 225,1 мың теңге. Қазіргі таңда игерілгені   3 342 085,8 мың теңгеге жетіп отыр. 2012 жылы бастау алған нысанның құрылысы 2020 жылы аяқталады деп күтілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

У.ШУКЕЕВ: СЛЕДУЕТ ОБРАТИТЬ ВНИМАНИЕ НА ПРОИЗВОДСТВО ПОЛИЭТИЛЕНОВОЙ ПРОДУКЦИИ

Аким Туркестанской области Умирзак Шукеев посетил с рабочей поездкой Жетысайский район, где ознакомился с ходом работ ряда крестьянских хозяйств.

В первую очередь, в сельском округе Ш.Дильдабеков  глава региона посетил крестьянское хозяйство «Ынтымақ-10». В этом году работники данного хозяйства уже засеяли ранней капустой 3 гектара полей, а также подготовили 5 гектаров земли для посадки бахчевых культур. Первый урожай капусты ожидается в середине апреля. Продукцию в основном экспортируют в Россию. Напомним, в этом году в Жетысайском районе около 1200 гектаров засеяны семенами раннего сорта капусты.

Ознакомившись с работой крестьянского хозяйства Умирзак Естаевич отметил необходимость ежегодно увеличивать посевные площади, так как ранние посевы сельскохозяйственных культур имеют большую эффективность.

«В Жетысайском районе существует тенденция посева ранних весенних культур. К этому делу нужно подходить серьезно и ответственно, потому что польза от таких ранних посевов может оказаться эффективнее, по сравнению с теплицами. Кроме того, мы должны уделять внимание производству и переработке полиэтиленовой продукции, необходимой для ранних посевов», — сказал У.Шукеев.

Наряду с этим, в сельском округе Ж.Ералиев глава региона ознакомился с ходом агротехнических мероприятий, проводимых на полях крестьянского хозяйства «Нуралы жол». Аким области отметил преимущества использования современных технологий и подчеркнул, что государство окажет всяческую поддержку аграриям.

Отметим, на сегодняшний день хозяйство имеет 497 гектаров посевных земель, и в этом году планирует засеять 197 га хлопчатником, 188 га — бахчевыми культурами, 92 га — люцерной и 20 га — кукурузой.

Также, в сельском округе Ж.Ералиев не остались без внимания и бетонные работы, проводимые ТОО «Кернеу-лимитед» на канале К-30. Умирзак Естаевич указал на необходимость ускорить темпы строительства, и как можно скорее сдать объект на благо народа. Заказчиком объекта выступило РГП «Казводхоз». Общая стоимость проекта — 6 млрд. 78 млн. 225 тыс. тенге. На сегодня уже освоено 3 млрд. 342 млн. 85 тыс. тенге. Завершить строительство объекта, которое началось в 2012 году, намерены в 2020-ом.

         Пресс-служба акима Туркестанской области

ontustik.gov.kz
8 (7252) 24-71-55
press_uko@mail.ru
www.facebook.com/profile.php?id=100009528662232
instagram.com/akimat_uko
vk.com/akimat_uko
twitter.com/akimat_UKO
www.youtube.com/channel/UCqQK_qhJGRF5nlhnMW5r2_Q
фотограф: Самат Мырзалиев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *