Мұхтар Құл-Мұхаммед бұған дейін Дариға Назарбаева атқарған қызметке келді

Сенат депутаттары пленарлық отырыста Мұхтар Құл-Мұхаммедті халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне сайлады, деп хабарлайды Stan.kz.

«Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағалығына Мұхтар Құл-Мұхаммедті сайлауды ұсынамын. Ол танымал мемлекет және қоғам қайраткері болып табылады. «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орыньбасары, сонымен қатар басқа да жауапты қызметтерде болған. Ол тәжірибелі, білікті депутат. Менің ұсынысымды барлығыңыз қолдайсыздар деп ойлаймын», — дейді Сенат спикері Дариға Назарбаева.

Сенаторлар Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

http://stan.kz/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *