«КҮРІШ АРҚАСЫНДА КҮЛМЕК СУ ІШЕДІ» НЕМЕСЕ ОҢАЙ ОЛЖАҒА ҚҰНЫҚҚАН КІМ?

Әбіләзовтың әккі әрекетінен әлдебіреулер үлгі алғандай. Отанына опасыздық жасаған оңбағандардың құлқынын тескен қаражат көмейіне неге кептеліп қалмайды екен? Қара бастың қамын елдің ертеңі мен мемлекет мерейінен үстем қойғандардың бірі – «Түркістан-Несие» ЖШС-нің қызметкерлері.

Қаржы ұйымының негізі 2003 жылы қаланған болатын. Мақсаты – ауылшаруашылығымен айналысатын шаруаларға жеңілдікпен несие беру. «Күріш арқасында күлмек су ішеді. Қара күш пен маңдай терін жұмсап күнелтетін шаруалар атын пайдаланып, банк қызметкерлері де қаржыға қарық болған. Бұл жөнінде 2015 жылы өткен жылдық тексеру кезінде мәлім болды. Бел ауырмай, мұрын қанамай тапқан ақша кімнің қалтасында кеткені бірнеше жыл өтсе де әл і белгісіз.

Дәл осы жағдай бойынша бізге Түркістан қаласы, Ескі Ихан ауылының тұрғыны Қошқарбай Ниязқұлов арызданып келген болатын. Ол «Түркістан-Несие» ЖШС-де 2003-2015 жылдар аралығында есепші болып жұмыс істеген.  2015 жылы өткен тексеру кезінде қазынадан 46 млн. теңге кем шығып, арты дауға ұласқан. Қошқарбайдың сөзіне сенсек, оның бұл іске еш қатысы жоқ. Банк төрағасы жоғалған ақшаны есепшінің мойынына іліп, өзі сүттен ақ, судан таза қалыпта кейіп танытқан. Алайда, сот отырыс кезінде ол ақталып шыққан. Бізге берген құжаттарында банк төрағасы Рахманқұл Мавлановтың әккі әрекеттерін әшкерелейтін деректер бар. Ол көрсеткен шығыс кассалық ордерінің артқы бетіне  «Түймебаев 5000 доллар за кресло 9.8.2012, Маханжанов за кресло», деп жазылған. Бұл жемқырған қаражаттарының сыбайластарымен өзара бөліскенінің дәлелі себебі, шығыс кассалық ордері тек есепші мен банк төрағасында ғана болады. Дәл осындай ордерлерінің барлығының сыртында лауазымды кісілердің аты-жөні жазылған.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің ауыл шаруашылығын  қолдауға арналған жеңілдікпен беретін несиенің 20млн. теңгесін «Түркістан несие»ЖШСі-нің төрағасы Рахманқұл Мавланов шығыс кассалық ордерге «ақшаны бер» деп қол қойып, алдым деп те өзі қол қойған.  Осылайша қомақты қаражатты тағы да қалтасына басқан. Бұдан бөлек, несие алған азаматтардың барлығы алған қаражатының 2 пайызын есепшіге өткізуі міндетті деген заң бар екен.

Аталған жайттар қаншалықта рас? Мәселені шикі етпей, екінші тараптың да уәжін тыңдауды жөн көрдік. Істің ақ-қарасын анықтау мақсатында Түркістан қаласына ат басын бұрдық. Банк басшылығымен тілдесіп, болған оқиғаны өз аузынан естідік. Алайда, екеуінің сөзі бір-бірінікіне мүлдем жанаспайды. Өтірікті де дұрыс құрастыра білген жөн-ау? Деседе, банк төрағасының ұшқыр қиялына ерік берейік, үлкен ой еңбегімен құраған ақпараттарын назарларыңызға ұсынамыз.

Банк төрағасы Рахманқұл Мавланов басшылық қызметке 2007 жылдың соңында келген. Оның сөзіне сүйенсек, ол бұған дейін несие рәсімдеу бөлімінде қызмет еткен. Біз қойған сауалдарға ол былай жауап берді:

«2003 жылы 37 адаммен құрылған болатынбыз. Жарнаның бастапқы мөлшері 12 млн. теңге шамасында еді. 37 құрылтайшы сол кезде 12 млн. жарғылық капиталды жинаған. Мемлекеттен де бір шама қолдау болды. Үкімет 6 млн. теңге қосып, сонымен мемлекет барлығы бізге 75 млн. теңге шамасындағы ақшаға жол ашып берді. Ол кезде жарғылық қор 18 млн. болса, қазір 320 млн. болды. Несиелік келісім шарт 4 млрд. теңгені құрайды. 585 құрылтайшының үлесі кімде 100 000, кімде 200 000 бірақ ең жоғарғысы 2 млн. теңге.

2015 жылы «Аграрлы несие корпорациясы» нан бізге тексеру келген, өзі жылына 1 рет келеді. Қаржылық есепті тексереді. Келгеннен кейін қағазын көрсетті.  Бәрін, бухгалтерияны ашып таныстырдым, есепшінің өзі жоқ еді кассир бар еді, барлық керек құжаттарды бер дедім. Өйткені олар хатпен келген. Содан кейін біздің бухгалтер Ниязкулов Қошқарбай 4-5 күнге дейін жұмысқа келген жоқ, қашып жүрді. Сол кезде не себептен қашып жүргенін білмедім, кейіннен білдім. Енді ол қашып қайда барады келді. Оған дейін ревизорлардың ашуы келді, басқа қылды, содан тексеру басталды. Енді тексеру келген кезде уақытылы құжатты бермеген сон кімнің ашуы келмейді. Маған да есепшіге де ашуы шығып отырды. Өйткені 4-5 күн құжат берілмеді. Сонымен 1 жылдық құжаттарды тексереміз деді. Ревизорлардың арасындағы бір Ермек деген жігіт есікті ашып, Рахман аға сіздің ұрлығыңызды таптым мен деді. Не ол? дедім, әкеліп міні деп көрсетті. Кассадан ақша шығыс болған, кассадан шыққан ақша банкке барып кіріс болу керек, кіріс болмаған. Бірінші тапқан қаражат 1 млн. 900 теңге еді шамамен. Дәлме-дәл есімде жоқ қанша екені. Мен айттым мүмкін емес олай болуы дедім. Мүмкін есепші қате кеткен шығар бір жерде, шығады ғой оның бәрі ертенгі күні дедім. Жарайды, деп шығып кетті. Өзі қазақ жігіт, бірақ қазақшаны онша білмейді. Екінші рет келді тағы 3 млн. шықты деп, сонымен солай 46 млн. теңге шықты. Содан бухгалтерді шақырып, Қошқарбай бұл не десем білмеймін, таппай жатырмын дейді. Ашумен қалай таппайсың бұл 46 тиын емес қой, 46 млн. теңге ғой дедім. Содан ол маған уақыт керек деді, саған қанша кақыт керек, ревизор келетінін білесің дедім. Олар келетіндігін алдын ала ескертіп қояды. Алдын ала білдің, күнде программадан көріп отырсың, неге соны уақытылы туралап қоймадың десем, ақшаның орны жоқ деді. Қалай орны жоқ, 46 млн. теңгенің орны қалай жоқ дедім. Жоқ, орнына қою керек деді. 46 млн. саған ойыншық емес қой, қалай қоясын орнына дедім. Сомен анау болды, мынау болды кетті олар. Акт жазды мен қол қойдым, олда қол қойды, бірақ Ниязкулов қол қойды ма білмеймін. Ол тексеру 2015 жылы мамыр айында болды. Одан кейін бухгалтер 15-20 күнде 10 кило азып кетті. Менің де есім кетті. 46 млн. деген оңай ақша емес. Кассир бала соншалықты қорыққанынан шашы түсіп қалды. 15-20 күн өткеннен кейін мені қаланың прокуроры шақырды. Қалай жағдайларың деді, жақсы дедім. Қалай жақсы? Пәлен сомма ақша жоқ екен, қалай жақсы деп айтасың деді. Жоқ болса ол шығады, бухгалтер күніге көріп отыр ол мүмкін емес жоқ болып кетуі деп жауап бердім. Ол айтты ақша орнына қойылады ма, қойылмайды ма хабар беру керек еді, тексеруден кейін деді. Мен оны білген жоқпын дедім. Білмесең біліп қой, саған 1 сағат уақыт барып жазып кел деді. 1 сағатта жазып әкеле алмаймын дедім, сағат 4 ке деді шамамен, 2 сағатта келемін дедім. Сағат 7 ге дейінбардым, шынында да 46 млн. кем шықты. Есепші көріп отыр, мүмкін адасқан шығар дедім. Сонымен тексеру басталып кетті, корпорацияның берген актін бердік тексерді, аяғында сот болды. Және тағы 4-5 аудит келді. Сот болар алдын, Астананың ревизоры кеткен соң Қошқарбайды шақырып не болды бұл? десем, жоқ ақша білмеймін дейді. Ол мен кассирге (акт жаздыруым) керек деді, бұл жерде кассирдің не қатысы бар, 1 с программасымен істеп отырған сен ғой десем, жоқ мен (акт қылуым) керек деды. Істе дедім. Бірақ кассир ауырып қалған, қорыққанынан өлім аузына келді. Сот болды. Сотта судья айтты: жәбірленуші «Түркістан несие» сізге 5 минут беріледі, егер сіз кешірім берсеңіз шығады деді, кешірім бермесеңіз 7 жылға сотталады деді. Соттан алдын бәрін жинап сөйлестім, үлкендер болды, кассир болды. Қошқарбай сол кезде айтты: «иә кем шыққаны рас, біз бәрін орнына қоямыз» деді. Құжатқа да қолдарын қойдырып алдым. Сол жиналыста бәрін орнына қоямын дегеннен кейін маған бұны соттатып не қыласың, сотталса ақшаны кім төлейді, сотталмасын ақшаны орнына қоямын деп жатыр ғой кешірім бер деді құрылтайшылар. Сонымен Түркістандағы сотта кешірім бердім. Шыққан соң төлемеймін деп кетті, ол маған жазды, мен жаздым.

Ал, шығыс кассалық ордеріне келетін болсақ, оның барлығы шимай парақ (черновик). Маған күніне 150 қағаздай келеді, барлығына қол қойып беремін, кассовый ордердің қағазы компьютерден шығады, бұл шимай парақ. Бұлар ішкі құжаттар, «Түркістан несиеге» қатысы жоқ.

Бұдан бөлек, Рахманжан Мавлановтың баласы  «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы негізінде құжат рәсімдеп, мемлекеттен қаржы алған. Қаражатты қалтасына басқан соң, қызметкерлерді жалақысыз қалдыры оқ жонар» демекші, мүмкін әкесінен алған тәрбие шығар? «Тәрбиесіз берілген білім–адамзаттың қас жауы». Мұндайлар бүкіл қоғамға зардап келтіріп, елдің ертеңіне балта шабады. Бұл жайында басылымның келесі сандарында тарқатып жазып, құзырлы органдарға хат жазып, істі қайта тексеруін талап ететін боламыз.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *