Қазақстанда журналистер арасында байқау жарияланды

Елімізде «жасыл» экономикаға негізделген жаңа байқау жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Журналистер арасында өтетін бұл бәйге «ТДМ-2030: яғни Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі» деп аталады. Одан үмітті кез келген бұқаралық ақпарат құралының өкілі жаңартылған қуат көздері жайлы жариялаған еңбегін байқау комиссиясына ұсынуы тиіс. Байқау 4 аталым бойынша өтеді. Телеарна, газет, радио және әлеуметтік желі арқылы көпшілік назарына ұсынылған журналистік жұмыстар қабылданады.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/305480-aza-standa-zhurnalister-arasynda-baj-au-zhariyalandy
https://24.kz/

 www.24.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *