Орта салмақта Еуропа чемпионы Камил Шеремета қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтаспайды. Бұл туралы польшалық боксшының промоутері Анджей Василевский мәлімдеді. Геннадий Головкиннен бөлек, Камил Шереметаға WBC уақытша чемпионы Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түскен. Алайда ол әзірге мұндай жоғары дәрежедегі жекпе-жектерге дайын емес екенін жеткізген. Айта кетейік, 29 жастағы америкалық боксшы Брэндон Адамс қазақстандық Геннадий Головкиннен ұсыныс түскенін мәлімдеген болатын.
Ақпарат көзі: prosports.kz