Шымкентте Назарбаев мектебінің оқушысы 13-қабаттан құлап мерт болды

Шымкентте 9-сынып оқушысы 13-қабаттан құлап мерт болды. Белгілі болғандай, ол Назарбаев зияткерлік мектебінде физика-математика бағыты бойынша білім алған.

Қайғылы жағдай 30 наурызда орын алған. Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірім 13-қабаттан құлаған. Бұл оқыс жағдай болды ма, әлде суицид пе, ол жағы әзірге белгісіз.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаны растады.

Қайғылы жағдайдың мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *