Қазақстандықтардың жеке деректерін бөтен адамдарға таратқан ХҚКО қызметкері жазаланды

Жеке тұлғалардың анықтамасын бөтен адамдарға берген ХҚКО қызметкері бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды. Келіншек алматылық әйелдің жеке деректерін бағалау компаниясына және екінші деңгейлі банкке рұқсатсыз берген, деп жазады Stan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың жеке деректерін бөтен адамдарға таратқан ХҚКО қызметкері жазаланды

Ақыр соңында құжаттардың иесі бұл туралы хабарсыз болып шығып, ХҚКО-ның қызмерін сотқа береді. Нәтижесінде, ХҚКО-ның қызметкері жұмысынан қуылып, елден кету, көңіл көтеретін жерлерге бару мүмкіндігінен айырылды.

Сот процесі барысында келіншек анықтамаларды танысының өтініші бойынша жасағанын айтты. Және өз кінәсін мойындады. Бірақ, жеке мәліметтер туралы құжаттарды алған ер адам және оның екі жолдасы бәрін жоққа шығарды. Бұл істе олар куәгер ретінде жауап берді. Бірақ, енді олар да жазаға тартылуы мүмкін. Себебі, жаңа қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қаралуда.

Еске сала кетейік, Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығы бір жыл бұрын жағымсыз оқиғаның ортасында қалған болатын. Алматы тұрғыны Анна Димитриевич электронды үкімет порталындағы жеке базасына кіріп, ондағы деректерді тексергеннен кейін ХҚКО-ның басы дауға қалды. Зардап шегуші жүргізілген операциялар оқиғасынан өзі алмаған анықтамалардың шығарылғаны туралы білді. Бұл жағдай туралы көпшілік хабардар болғаннан кейін, жеке деректердің жария болғаны туралы шағымдар бүкіл қазақстандықтар тарапынан түсе бастады.

«Біздің құқық қорғау органдары қылмыстық кодекстегі «жеке деректерді тарату жауапкершілігі» туралы бапты жұмыс істемейді деп есептейді. Тиісінше, маған үнемі шағымдар жазуға тура келді. Және мен сот шешімімен келісемін»,- дейді зардап

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *