Арыз

                               «Саясат-ақпарат» республикалық

қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы

                                                                                                    Назипа Дарханбайқызы Мамықоваға

Ескі Иқан ауыл тұрғыны Абдазим ата көшесі

№31 үй тұрғыны К.Ниязкуловтан

Тел: 8 705 488 2126

ЖСН: 580415302804

                                                Арыз

            13 наурыз 2017 жыл менің және бір топ «Түркістан-Несие» құрылтайшылары  жазған арыз бойынша «Түркістан-Несие» ЖШС-нің төрағасы Р.Мавлановқа № 175126031000677 санды қылмыстық іс жүргізуге қаулы қабылданып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған.

Р.Юлдашевтың арызы бойынша 11 мамыр 2017 жыл «Түркістан-Несие» ЖШС-нің төрағасы Р.Мавлановқа №175126031001214 санды қылмыстық іс ашылған. №175126031000677 және №175126031001214 санды қылмыстық істер бір өндіріске біріктіріліп негізгісі етіп №175126031001214 санды қылмыстық іс қабылданған. 28.06.2018 жыл бірегей нөмірі 185126000010000583 қала прокурорына жазған арызымда Түркістан Несие басшысы 2015 жыл желтоқсан айында  21 миллион теңгені заңсыз списать еткен, 16,5 миллион теңгені кассалық шығыс ордеріне өзі қол қойып алғандығын, 11,3 миллион жалақы берілді деп ведомств түзген және 2015 жыл желтоқсан айында Түркістан-Несие кассасына 100 миллион теңге несие алушылардың қаражаты төленген. Бұл қаражат өз кезегінде АО АКК-ге аударуға міндетті. Бірақ ақша толығымен аударылмаған, себебі 59 миллион ақша жоқ. Бұл фактілердің көшірмесін Түркістан-Несие бас есепшісі полиция тергеуіне берген. 24.07.2018 жыл бірегей нөмір 1851126000010000666 Түркістан қала прокурорына Түркістан Несие ЖШС-нің 11.08.2015 жылы №43 санды және 22.09.2015 жылғы №48 санды бұйрықтардың заңдылығына тексеру жүргізуді және бұзуды, менің қолтаңбамды қойған заң алдында жауап беруін сұрағанмын. Бүгінгі күнге дейін прокуратурадан да полициядан да хабарлама жоқ. Мүмкін заңда көрсетілген мерзім келмеген шығар. Заң органдары жоғары жазған арыздарымды тексермей тұрып Түркістан Несие басшысы Р.Мавланов жасанды құжаттар дайындап Кентау қаласы сотына ұсынған. Түркістан қалалық сотына 11.10.2018 жыл арыз жазып 15.10.2018 жыл шығыс № 512618-5-21/14611 хатында: Бұйрық №43 от 11.08.2018 жыл және Бұйрық кітабының көшірмесін алғанмын.

Бұйрық кітабында 13.08.2018 жыл №44 санды бұйрық «О служебный командировке» деп жазылған. Судъя С. Абсаматов бұйрық кітабына 2016 жыл тамыз айында қол қойып көшірмесін алған. 16.10.2018 жыл Кентау қалалық сотына 12.08.2015 жыл №44 санды бұйрықты «Об изминение силу приказа» деп жалған бұйрықты беріп отыр. Бұйрық кітабында 12.08.2015 жыл №44 санды яғни «Об изминение силу приказа» бұйрық жоқ.

Түркістан қалалық сотына № 44 санды бұйрық «О служебный командировке» Кентау қалалық сотына № 44 санды бұйрық «Об изминение силу приказа» берген.

21 мамыр 2017 жыл Серпин аудит ЖШС тексеру актісінде Бас есепші қызметінен К.Ниязкулов 2015 жыл 11 тамыз күні қызметтен босатылған деп жазған. Түркістан-Несие ЖШС басшысы заңды аяқ асты етіп заңды қорғап отырған қызметкерлерге жалған, өтірік құжаттарды беріп отыр. Жоғарыда аталған бұйрықтың құрамында қылмыс бар деп шара көруін сұрағанмын.

(13.12.2018 жылы бірегей нөмірі 185126000010001090) Осы күнге дейін полиция да, прокурор да бірде-бір шара қабылдаған жоқ.

«Серпин аудит» ЖШС Түркістан-Несие ЖШС-нің 2011 жылы 01 шілде күнінен 2015 жыл 31 тамыз аралығындағы аудиторлық тексеру жүргізді.

Актта: 1. 2011 жыл 08 шілде күнгі Нур ӨК-тің 3 000 000 теңгенің шығыс құжаты жоқ, осы ақша К.Ниязкуловтың есебінде қалған деп жазылған. Нур ӨК –ке (төрағасы Т.Акбаров)  жазылған ақша менің есебімде қалай қалады.  Нур ӨК 1 500 000 теңге Түркістан-Несие кассасына Р.Мавланов төлем жасаған, 31 тамыз 2015 жыл 1 500 000 теңге қалдық қалған, бұл факт. 3 000 000 теңгені маған қайтарасың деп акт жазған.

  1. «Набихан» ШҚ төрағасы Мубараков Набихан 2011 жыл 2016 теңге кассаға кіріс болмаған деп актта көрсеткен, онда 21 мамыр 2017 жылға « Набихан» ШҚ 2016 теңге қарыз болып тұруы керек.
  2. «Сулаймон-Ата» ШҚ төрағасы Сулаймонов Рискул 2013 жыл 217 318 теңге
  3. «Давран» ШҚ төрағасы Абдуллаев Фархад 2015 жыл 75 066 теңге
  4. «Югнак» ШҚ төрағасы Абдуллаев Фархад 2015 жыл 75 066 теңге
  5. «Югнак» ФҚ төрағасы Абдуллаев Фархад 2015 жыл 50 044 теңге Түркістан-Несие кассасына төлем жасалған. Мен бұл кісілердің ақшасын алған емеспін, алған болсам не үшін маған келмейді? Ф.Абдуллаев, Н.Мубараков қажыға барып келген құрметті тұлғалар, Р.Сулаймонов Түркістан қаласының доска почетада тұрған тұлға.

2014 жыл 30 қыркүйек Садиков Ирисбайға  жазылған шығыс кассалық ордерінде 70 000 теңге басқарма төрағасы Р.Мавлановтың қолы қойылмаған, келісім шарты немесе хаттамасы жоқ деп жазған, дұрыс себебі 4 000 000 теңге жерді сатып алу үшін алынған шығыс кассалық ордерінде Р.Мавлановтың қолы бар.Түркістан-Несие ЖШС үшін сатып алынған жердің ақшасын мен төлегенмін.

Серпин аудит ЖШС аудиттары Қ.Еділбаев, А.Исламов актпен мені таныстырған да, шақырғанда жоқ, қашып жүр менімен кездесуге қорқады, беті де жоқ. Акттың көшірмесін тергеушіден алғанмын. 21 мамыр 2017 жылғы тексеру актісін Түркістан ҚІІБ тергеушісі сот сараптамалар институтына жіберген. Осы сараптаманың қорытындысына сәйкес қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді тоқтатып, қылмыстық істі өндірістен қысқартуға 03 желтоқсан 2017 жыл Түркістан ҚІІБ ТБ-нің аға тергеушісі, полиция капитаны қаулы еткен, Түркістан қаласының прокуроры Әділет кеңесшісі келісемін деп қол қойып печать басқан.

«Акбаршах» ШҚ төрағасы Акбаров Яхе Түркістан-Несие басшысы Р.Мавлановқа алған несиесінің 1 000 000 теңгесін берген, Р.Мавланов ақшаны алдым деп расписка жазып печать басып берген. Р.Мавланов осы ақшаны мені алған деп прокурорға арызданған, Я.Акбаров Р.Мавлановқа бердім деп тұр. «Акбаршах» ШҚ 1 000 000 теңге қарыз болса не үшін несие берген.21.06.2016 жыл п/п № 249 – 4 316 000 теңге, п/п №250 – 684 000 теңге барлығы 5 000 000 теңге несие берген.

08.05.2015 ж Иқанда Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне, 89 060 теңге жұмсағанмын, осы ақшаны мені жеп кетті деп Түркістан қалалық прокуратурасына арызданған. 4 ардагер 4000 теңгелік подарка алды және шай ішті, қалған ақшаны өзінің шақырған адамдары ішіп-жеп кетті. Осы іс бойынша 90-93 жастағы ардагерлер полиция тергеушісіне барып жауап берді.

31.12.2015ж Түркістан-Несие ЖШС балансыда Ниязкулов К 46 231 000 теңге қарыз  21 000 000 теңгесін списат еткен қалған 25 231 000 теңгесін қарыз деп аудит қорытынды берген.  31.12.2015ж Түркістан-Несие кассасынан менің атыма 57 230 000 теңге жазып алынған. Мен қарыз болсам қалай маған ақша жазып алынады?  Менің қолтаңбам жоқ және мен 11.08.2015ж жұмыстан шыққан болатынмын.

 

Р.Юлдашевтың Нұр Отан партиясына, АО Аграрлық несие корпорациясына, Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Құзырлы органдарға жазған арыздары туралы.

 

            Р. Юлдашев Түркістан ҚІІБ-на арызданып ол өзінің арызында 31.12.2015 жыл Түркістан-Несие ЖШС-нің басшысы Р.Мавланов несие алу келісім шарттарға қол қойдырғандығын, алайда ол «Түркістан –Несие» ЖШС-нен несие алмағандығын, Р.Мавлановқа шара көруін сұраған.Түркістан Несие ЖШС-нен «Расул-ата» ШҚ-на несие берілгендігі жөнінде, құжаттардың түпнұсқасын, 2011-2015 жылдар аралығындағы кассалық кіріс шығыс құжаттарының түпнұсқаларын және басқа да қажетті құжаттардың түпнұсқаларын алуға тергеуші 07 маусым 2017 жыл қаулы шығарған. Қаулы орындалған жоқ.

Тергеушіге берген жауабында: Р.Мавланов 01 маусым 2017 жыл Расул-Ата ШҚ-на берген 11 000 000 теңге Түркістан-Несие ЖШС-нің резервтік есеп шотынан есептелген;

21 маусым 2017 жыл 11 000 000 теңге несие Түркістан-Несие ЖШС-нің қаражаты болғандықтан мен оны Расул-Ата ШҚ-на кассадан қолма-қол бердім. Түркістан-Несие ЖШС-нен несие алу үшін әр щаруа қожалығы жарғылық қорға несие көлемінен 10 пайызын төлеуге міндетті, несие алушы шаруа қожалығы жарғылық қорға төлем жасамастан несие алуға болмайды, мен өзіме қарасты мекеменің кассасында 10 000 теңгеден артық қаражат сақтай алмаймын, себебі рұқсат етілмеген, сонымен қатар мен түскен қаражатты күнделікті мекеменің екінші деңгейлі банкте ашылған есеп шотына құйып отырамын, өзімде сақтамаймын. Кассада 10 000 теңгеден артық сақтауға болмайтынын айтып Расул Ата ШҚ-на кассадан қолма-қол 11 000 000 теңге бергенін тергеушіге берген жауабында айтқан. (өзінің сөзі бір-біріне қарсы болып тұр)

Мен (Р.Юлдашев) жарғылық қорға төлем жасаған емеспін, жарғылық қорға төлем жасамаған шаруа қожалығы құрылтайшы есептелмейді және несие берілмейді.

Т.Акбаров 19 маусым 2017 жыл 31.12.2015 жыл 11 000 000 қаражатты қолма-қол санап бердім

20 шілде 2017 жыл аталған қаражат яғни 11 000 000 теңге Түркістан-Несие ЖШС-нің жарғылық қорынан бөлініп берілген, Түркістан-Несие ЖШС-нің Қазақ банк АҚ-да кепіл ретінде (депозит) 64 400 000 теңге болған, аталған қаражаттың64 300 000 теңгесі 2017 жылдың маусым айында Аграрлық Несие корпорациясына төленіп берілді (Түркістан-Несие құрылтайшыларының жарғылық қорға төлем жасалған ақша-уставной капитал).

24 шілде 2017 жыл 11 000 000 теңге Түркістан-Несие ЖШС-нің кассасына келіп түскен ақшадан берілді, ол ақша несие алушылардың осы күні төленген қаражаттарынан құралған. Түркістан-Несие несие алушылардың кассаға төлеген қаражаттарын АО АКК-ге аударып беруге міндетті, несие алушылар өздері алған несиені жабу үшін төлейді, Расул-Ата ШҚ-на кредит бер деп төлем жасамаған.

18 мамыр 2017 жыл Ж.Халметов Түркістан-Несие ЖШС-нің жарғылық қорының бір бөлігі «Қазақ Банк» АҚ-да ашылған депозиттік шотта сақталады, қалған бөлігі басқа банкте сақталады. Р.Юлдашевқа 11 000 000 теңге қолма-қол Түркістан-Несие ЖШС-нің кассасынан берілген, Р.Юлдашевтың келісім шарттарында оның «Форте Банк» АҚ-да ашылған есеп шоты көрсетілген, келісім шарттың талаптарына сәйкес осы «Форте Банк» АҚ-да ашылған есеп шотқа несие қаражаты аударылуы тиіс, мен бухгалтерияға берген нұсқауда Р.Юлдашевтың «Форте Банк» АҚ-да ашылған есеп шотты көрсетіп бердім, не себепті есепші Р.Юлдашевтың мен көрсеткен есеп шотына несие қаражатын аударып бермегенін мен білмеймін. Ж.Халметов Р.Юлдашевқа қолма-қол 11 000 000 теңге берілгенін көзімен көрген ба? 11 000 000 теңгені бергенін көзімен көрген болса, не үшін 11 000 000 теңгені мақсатты пайдаланғаны туралы отчет алынбаған? Р.Мавланов Түркістан-Несие кассасында 10 000 теңгеден артық сақтай алмаймын деп жауап берген, бас есепші Т.Акбаров «жоқ бұл өтірік 01.12.2015 жыл Түркістан-Несие кассасында 27 662 279 теңге, 26.12.2015 жыл  60 133 174 теңге, 29.12.2015 жыл 60 839 995 теңге кассада болған» деп Түркістан полициясына мәлімет беріп отыр. Р.Юлдашев құзырлы органдарға жазған арызында Мавланов, Акбаров, Халметовтардың жұмысында ұйымдасұан қылмыстың бар екеніне күмәнданғанын жазған болатын.

12 наурыз 2018 жыл қылмыстық іс бойынша арызданушы Р.Юлдашевтың Түркістан-Несие ЖШС-нен 11 000 000 теңге несие алғандығы немесе алмағандығын анықтау үшін аудиторлық тексеру жүргізу қажет. Осы аудиторлық тексеруді тағайындау үшін «Түркістан-Несие» ЖШС-нен Түркістан қалалық сотының санкцияланған қаулысы негізінде 2015-2017 жылдар аралығындағы кассалық және банкалық құжаттардың түпнұсқалары алынып аудиторлық тексеру жүргізуді Серпин аудит ЖШС-нің Оңтүстік Қазақстан филиалының аудиторларына жүктеуге тергеуші қаулы еткен. 14 наурыз 2018 жыл Серпин аудит тақырыптық тексеру актісін жазған.  Серпин аудит актісі өтірік. Жазған актті нақтылайтын құжаттар жоқ.

Түркістан ҚІІБ-нің ТБ-нің аға тергеушісі полиция капитаны Б.Альшеровтың 05.06.2018 жылы шығарған қаулысымен ОҚО бойынша сот сараптама институты берген 13 шілде 2018 жылғы №2722 санды Сарапшының Қорытындысында шығарған Тұжырымында Мерзімі 01.02.2017 жылмен 31.12.2015 жыл аралығында Түркістан –Несие ЖШС-нің кассасынан «Рәсул-ата» ШҚ Юлдашев  Рахматжан Расуловичке «Выдача краткосрочного кредита из уставного капитала» негізінде 11 000 000 теңге қаражаттың берілгендігі анықтады делінген. 2015 жылдың желтоқсан айының 31 жұлдызында шығыс ордері №Т0000000272 санды ордерімен берілді деген. Бірақ 31.12.2015 жылы Түркістан-Несие  НС ЖШС-нің кассасында жарғылық қорда 790 000 теңге болған, жарғылық қорда болмаған 10 210 000 теңгені қайдан береді. 31 желтоқсан 2015 жылы Жамолдин ШҚ. -200 000 теңге, Тимур ШҚ-400 000 теңге, Алихан ШҚ-140 000 теңге, Минавар ана ШҚ-50 000 теңге барлығы 790 000 теңге Түркістан-Несие кассасына жарғылық қоры есебінде төлем жасалған. Жарғылық қорына төлем жасаған шаруа қожалықтары несие алу үшін төлем жасаған.

Сараптаманың шешуіне қойылған сұрақтар: Мерзімі 01.12.2015 жылмен 31.12.2015 жыл аралығына Түркістан-Несие несие серіктестігі ЖШС-нің кассасынан Расул-ата шаруа қожалығы, Юлдашев Рахматжан Расуловичке Выдача краткосрочного кредита из уставного капитала негізінде қанша қаражат берілгенін анықтау?.

Сараптаманың Тұжырымында: Мерзімі 01.02.2017 жылмен 31.12.2015 жыл аралығына Түркістан-Несие несие серіктестігі ЖШС-нің кассасынан Расул-ата шаруа қожалығы, Юлдашев Рахматжан Расуловичке Выдача краткосрочного кредита из уставного капитала негізінде 11 000 000 теңге қаражаттың берілгені анықталған делінген. Сонда Сарапшы қай уақыттан қай уақытқа дейін қарағаны түсініксіз. Зерттеуге ұсынылған 14.03.2015 жылғы тексеру актісі бойынша, Расул-ата шаруа қожалығының басшысы Юлдашев Рахматжан Расулович Түркістан-Несие несие серіктестігі ЖШС-нің алдындағы берешек қарызы 11 000 000 теңгені құрайды делінген. Сарапшының шешіміне қаралған уақыт: Мерзімі 01.12.2015 жылмен 31.12.2015 жыл. Атап айтқанда, Сарапшының Қорытындысында 14.03.2015 жыл, 01.02.2017 жылмен 31.12.2015 жыл аралығы, 31.12.2015 жылдар көрсеткен. Аудиторлық тақырыптық тексеру жұмыстары НС Түркістан-Несие ЖШС-нің неліктен, 01.12.2015 жылмен 31.12.2015 жыл аралығындағы толық кассалық кітаптағы кіріс, шығыс кассалақ ордерлердегі 100 827 073 теңгені қайдан және қайда кеткенін анықтамаған.

Желтоқсан айындағы:

  1. Құрылтайшылардың қанша жарғы қорына құйылған ақша және жарғы қордан алынған ақша
  2. Жалпы жиналыстың хаттамалары, бекітілген немесе бекітілмеген анықталмаған
  3. Жарғылық қоры қалай құралғанын анықтамаған

28.05.2018жыл бірегей нөмірі 185126000010000467 Р.Юлдашев прокурорға жазған арызында 02.03.2018 жыл Түркістан-Несие құрылтайшыларының жалпы жиналысына қатыспағанын, құрылтайшылар келісімшартына қол қоймағандығын жазып менің қолтаңбамды қойған заң алдында жауап беруін және Әділет басқармасына тіркелген құрылтайшылар келісімшартын жарамсыз деп тануын, несие алғанда заңсыз 2 пайыз (взятка) алғандығын арызданған. Өкінішке орай, бұл арызды да құқық қорғау органдары қараған жоқ. 18 тамыз 2018 жыл № 175126031001214 санды қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп –тексеруді тоқтатып, қылмыстық істі өндірістен қысқартуғаТүркістан ҚІІБ ТБ-нің аға тергеушісі Б.Альшеров қаулы шығарған. Қала прокуротурасы  13.09.2018 жылы тергеуші Б.Альшеровтың сотқа дейінгі тергеп тексеруді тоқтату туралы қаулысын бұзып, іс бойынша бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізіп, нәтижесімен түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін Түркістан ҚІІБ-на жолдаған. Бүгінгі күнге дейін тергеу амалдары жүргізілген жоқ.Тергеу жұмыстары созбаландыққа салынып отыр.

Р.Юлдашев Түркістан-Несие ЖШС-нан 11 000 000 теңге несие алмағандығын, Р.Мавлановтың бәлеқорлық жасап, жаратқанның алдында қандай жауап береді деп

— Нұр Отан партиясына

— АО Аграрлық несие корпорациясына

— Ауыл шаруашылығы министрлігіне

— Каз Агро

— Республикалық қоғамдық саяси газетке

— YouTube-ке арызданған.

29 мамыр 2017 жыл жиналысқа қатысқандар: ауыл әкімі, ЖШС «Түркістан-Несие» кредиттік серіктестігі қызметкерлері, ауыл ақсақалдар алқасынаң төрағасы, Облыс және қала мәслихатының депутаттары, ауыл имамы және қажылар, ауыл ақсақалдары. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе Ескі Иқан ауылында және Түркістан-Несие кредиттік серіктестігі ЖШС дағы келіспеушіліктерді талқылау және келістіру. Жиналыста Р.Юлдашев 11 000 000 несие  алғаным жоқ, сен қол қойып бер линия ашуға керек деп «Түркістан-Несие» кредиттік серіктестігі төрағасы Р.Мавланов алдап қол қойдырғанын айтты. Қол қойғанмын, бірақ қолма-қол ақша алған емеспін деп хаттамаға қол қойған. Түркістан-Несие ЖШС-нің төрағасы Р.Мавланов бір тиында алмағандығын, яғни 11 000 000 теңге несие алмағанын айтты.

Соңында Р.Юлдашев 25.12.2018 жыл Кентау қаласы сотына берген арызында 11 000 000 несие алғанмын, Ниязкулова Турсунай Искандаровнадан сатып алған ғимаратты 23 000 000 теңгеге берген деп жазған (10 000 теңгелік 23 пачка), мен ақша алған емеспін бәрі өтірік, Юлдашевтар бір өмірде бұндай ақша тапқан емес доходын тексеріп көруге болады, шын мәнінде Р.Юлдашев ғимаратты сатып алған емес Т.Ниязкулова сатқан емес. Түркістан-Несие ЖШС несие алуға кредитний линия ашу үшін жасалған. Сонда кім бәлеқор Р.Мавланов па, Р.Юлдашев па? Жоқ достына қиянат жасаған Р.Юлдашев па?

2016 жылдың 14 сәуірі ғимараттың ақшасын толық өтеп береміз деп арыз берген нотариус арқылы.2016 жылдың шілде айының 22 жұлдызы азаматша Ниязкулова Турсунай Искандаровнаға ғимаратты қайтарып беретінімді растаймын, ешкімге ешқандай кінә қоймаймын деп нотариус арқылы арыз берген. Сонда мені 11.12.2015 жыл 23 000 000 теңге санап алған деп отыр,өздерінің сөзі бір-біріне қарсы келеді. Алмаған 11 000 000 теңге несиені алдым деп арыз бергені үшін Р.Юлдашевқа 1100 теңге берген шығар. Р.Юлдашевтың 16.05.2017 жылдан 24.12.2018 жылға дейін бүкіл сот қаражаттарын, тергеу қаражаттарын Түркістан-Шымкентке қатнаған барлық жолақысын мен төлегенмін.(свидителім бар) Осы өтірік болса бетіме келіп айтсын. 7 жыл болды 47 000 теңге (30 000 теңге өзінікі, 17 000 теңге құдасының) қарыз, 12 000 теңге нотариусқа төлеп өзінің атындағы тұрғын үйді баласының атына өткізіп бергенмін.

Сен және әйелің менің ақша жетіспеушілік және жағдайым нашар болғандығын дәлелдеп бер. Сен әйелің екеуің менен алған ақшаны қайтар. Менің кім екенімді Иқан халқы біледі. Сен 23 000 000 теңге былай тұрсын 23 тиында бере алмайсың.

Құрылтайшылар: Түркістан-Несие ЖШС-нің 1.09.2015 жылдан бастап аудиторлық тексеру жүргізу қажет

Осы істі көтеріп, журналистік зерттеу жүргізе отыра шындықтың шыңына шығуға қол ұшын беруіңізді сұранамын.

Арыз иесі                                                                  К.Ниязкулов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *