Тоқаев көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың кредитін кешіруді тапсырды.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр өмірлік жағдайға қалған отбасылардың кредитін кешіруді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды. «Үкімет бір жолғы тәртіппен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілзатсыз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті келесі талаптарда өтеу жөнінде шаралар қабылдасын: 1) көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар аталған қарыздар бойынша борышкерлер болып табылады; 2) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қарыз бойынша жалпы берешек 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды; 3) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш пен ол бойынша есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайды», — делінген қаулыда. Президент Үкіметке және Ұлттық Банкке тапсырма берді: 1) 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар Қазақстан азаматтарына есептелген айыппұлдар мен өсімдерді есептен шығару жөнінде шаралар қабылдасын; 2) Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдерімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын. 3) Ұлттық банк қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту жөніндегі реттеушілік сипаттағы шаралар кешенін қабылдасын.: 1. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссияларды және өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салу; 2. табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салу; 3. кепілсіз тұтынушылық заемдарды беру кезіндегі қосымша реттеу шаралары. Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелген. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-kopbalalyi-analar-men-mumkndg-shekteul-jandardyin-299054/
 Kaz.tengrinews.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *