Оқушылардың жаңа оқу жылындағы демалыс күндері аталды

Оқушылардың жаңа оқу жылындағы демалыс күндері аталды Білім және ғылым министрлігінің өкілдері оқушылардың жаңа оқу жылындағы каникулдарының мерзімін айтты.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің бұйрығы бойынша:

1) 2019-2020 оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталады;

2) 1-сынып оқушылары — 33 апта оқиды, 2-11 (12)-сынып оқушылары 34 апта оқиды;

— күзгі каникулдар — 28 қазаннан 3 қарашаға дейін (жеті күн);

— қысқы каникулдар — 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін (он күн);

— көктемгі каникулдар — 21 наурыздан 2 сәуірге дейін (13 күн);

Сондай-ақ, министрліктегілердің мәліметінше, 1-сынып оқушыларына тағы қосымша каникул беріледі — 3-9 ақпана аралығында (жеті күн).

Осылайша, оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *