МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР САЛҒЫРТТЫҒЫ АЗАМАТТЫ ЖЕРСІЗ ҚАЛДЫРДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевқа Құзырлы органдармен жергілікті билікке: «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Назарбаевқа ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Ж.Асановқа ҚР Бас прокуроры Ғ.Нұрдәулетовқа ҚР ҰҚК төрағасы К.Мәсімовке ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа

 

Айдың күннің аманында Сарыағаштық тұрғынның жерін әкімдік тартып алған. Кезінде аудан әкімінің өзі мақұлдап, шешім шығарған бұйрық, енді бұрмалаңға салынып отыр. Алыстан ат артып келген азаматтың арызын өзгеріссіз назарларыңызға ұсынамыз.

«Саясат-ақпарат» Республикалық саяси-қоғамдық газетінің Бас редакторы Назипа Мамықоваға

160917,ТО Сарыағаш ауданы, Құркелес а/округі, Береке е/мекенінің тұрғыны АБЕЕВ НУРИМБЕТ БАХТИБАЙУҒЛЫНАН

ШАҒЫМ-АРЫЗ

Мен Абеев Нуримбет Бактибайуғлы 1991 жылы Өзбекстан Республикасында туылдым. 2010 жылы үйленіп, 2013 жылы Қазақстан Республикасына қоныс аудардым.

2015 жылы әке-шешемнің шаңырағының алдынан бос жатқан жерді учаске ретінде үй салу үшын заңдастырып беруді сұрап Құркелес ауыл округінің әкімдігіне бардым. Ол жерде Кеңес деген ағай өзін жер инспекторы деп таныстырды. Ол кісі келіп бос жатқан жерді көрді, және менен заңдастырып беру үшін 150 000(жүз елу мың) теңге сұрады. Ол кезде бұл жер шет жақ болғаны үшін қоқыс төгетін алқап еді. Мен Кеңес ағайға сұраған 150 000 теңгені бердім. Сонымен бұл алқапты қоқыстан тазаттым. Бірақ, өкінішке орай, Кеңес ағай әрнәрсені сылтауратып екі жылдай жүрді. Бірақ, ол

жерді заңдастырып бермеді. Осылай жүре келе екі жылда сырқаттанып өмірден өтіп кетті. Әр барғанымда уайымдама жер сенікі, қоршап, салатын үйіңді сала бер дейтін.Мұның бәріне қасында бірге жүретін жүргізушісі (Белходжаев Ерік деген жігіт) куә. Және 150 000 теңге бергенімді көрген.

Құркелес ауылдық округі 4 жылда заңдастыра алмаған соң, 2018 жылы 4 желтоқсанда Сарыағаш ауданы әкімі Қ.Абдуалиевке өтініш арыз жаздым. Өтініш арызымда сол жерді заңдастырып беруді сұрадым.

Ауыл әкімдігі менің өтініш арызымды Құркелес а/о әкімдігіне жолдағанын хабарлады. Бірақ, Құркелес а/о әкімдігінен ешқандай жауап хат алмадым.

Сол себеп, Екінші ретқайта аудан әкімі Қ.Абдуалиевке Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңының 28-бабының 1,3,4 бөлімін негізге алып, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы және «ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 31 бабының 1 бөлігінің 1-1,1-2,1-3,12-7,12-8 тармақтарын, 35 бабының 1 бөлігінің 2,6 тармағын негізге ала отырып «04» қаңтар 2019 жылы арызымды жолдадым.

Бұл арызыма аудан әкімдігінен «17» қаңтар 2019 жылы №жт А-8 шығыс санымен аудан әкімі орынбасары С.Тасқұловтың қолымен 2-ші рет жауап алдым. Бұл арызым да өз шешімін таппады.

Жоғарыда 3 бөлімнен түзілген дәлелді айғақтарды және ТОО Сарыағаш аудан әкімі аппараты жағынан бұзылған бірнеше заң бұзушылықтар болуын негізге ала отырып, ТОО Сарыағаш аудандық мәслихатының хатшысы «Бақытжан Садыковтың» атына «21» ақпан 2019 жылы №195154000660000001 жыртылмалы талонымен қосымша тиесілі құжаттардың көшірмесін «14» (он төрт) парақты тіркеп, шағымымды тапсырдым. «21» ақпан 2019 жылғы №жт-А-5 кіріс санымен тіркелген шағымыма «14» наурыз 2019 жылы №77 шығыс санымен аудандық мәслихаттың хатшысының м.у.а Қ.Пердекуловтың қолымен берілген жауап хатында «комиссияның қабылдаған қаулысына сәйкес, сіздерге, арыз иесіне оның жер учаскесін алуға кезекте тұрғаны жөнінде хат жолау және оны қоршап алып, пайдаланып жатқан жерін заң аясында рәсімдеп беру мәселесін қарауды ұсынғандығы турасында және арыз иесіне жауап беруді сұраған.

Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін бұл талаптар орындалмады.Жоғарыда аталған әрбір заң бұзушылықтарды ескере отырып, Құркелес а/о әкімдігі бас маманы, заңгері Д.Ержановқа заң бұзушылықтарды өз міндеттерін бір емес, бірнеше рет салғырттықпен орындамағанын ескеріп, қатаң сөгіс берілсе де, соған да қарамастан хат жолдаған жоқ және сонымен бірге, жұмысына өте салғырттықпен қарауының салдарынан бүгінге дейін де орындамады және «14» наурыз 2019 жылғы №77 аудандық мәслихат

хатшысының м.у.а Қ.Пердекуловтың атынан шыққан қаулысы орындалмай қалды және заң бұзылды.

Бұл заңсыздықтар орын алғандығы туралы ТОО Сарыағаш ауданы, Құркелес а/о әкімінің орынбасары Куралова Алия апайдың жеке қабылдауында болдым және жоғарыдағы әрбір аталған заңсыздық және қол астындағы инспекторлардың «қылмыстық іс әрекеттерінің орын алғандығы туралы» толық баяндадым және өзіне де ескерту бердім. Сондықтан да, бұл шағымда атап-атап көрсетілген заңсыздықтар және қылмыстық іс-әрекеттер жайында сізден «ӨТІНІШІМ» редакция жағынан зерттеу-зерделеу жүргізе отырып, журналистикалық іс-әрекеттер жүргізуіңізді және жоғарыда аталған заңсыздықтарға шек қоюыңызды, сонымен бірге, ҚР –ның құқық қорғау органдарына прокуратура, ІІМ-не, Президент аппаратына және басқа да құзырлы органдарға хат жолдауыңызды сұраймын.

Шағым-арыз иесі: Н.Б.АБЕЕВ

«02» шілде 2019 ж

Түйін: Аталған жайтқа байланысты алдағы уақытта журналистік зерттеу жүргізіп, істің ақ-қарасын анықтайтын боламыз. Бұл жайында басылымның алдағы сандарынан оқи аласыздар.

Н.Мамықова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *