ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ЖАНКЕШТІ ЖАНТУРА

 

Қазақстан Республикасының 
Президенті Қ. Тоқаевқа

Құзырлы органдармен жергілікті билікке:
«Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Назарбаевқа
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Ж.Асановқа
ҚР Бас прокуроры Ғ.Нұрдәулетовқа
ҚР ҰҚК төрағасы К.Мәсімовке
ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа

«2 097 398 800 теңге». Бұл Жантура Юлдашевтың ҚР «Экологиялық Кодексі»-нің 219-бабы 1-бөлімі және осы бөлімнің 1 тармағының талаптарын бұзып, жер қойнауына келтірген соммасы. Табиғи байлықты өз мүддесіне пайдаланып, Жер анаға опасыздық жасаған азаматтың ісі қазір тергелуде.

2014-2015 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін жалпы көлемі 5,95га, тереңдігі 8м болатын шұңқырды еш рұқсатсыз, өз бетінше қазып жер қойнауын заңсыз пайдаланғанған. Салдарынан қоршаған ортаға айтарлықтай залал келді. Қазып алынған құм-тас қоспасының жалпы көлемі 476 000м³ құраған. Түркістан облысы геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының анықтамасы бойынша 1м³ құм-тас қоспасының бағасы 440,63 (төрт жүз қырық теңге алпыс үш тиын) теңге.

27.06.2007 жылғы №535 ҚР Үкіметінің «Қоршаған ортаны ластағаны үшін экономикалық залалдың бағалауының ережесін бекіту туралы» қаулысы бекітілді. Юлдашев Жантура Юлдашевич заңсыз алған құм тас қоспасының 476 000м³-ты құрағаны мәлім болды.  Салдарынан 2 097 398 800 (екі миллиард тоқсан жеті миллион үш жүз тоқсан сегіз мың сегіз жүз) теңге шығын болды.

Ал, жердің бір бөлігін, 10гектарын Жомарт Шонықбай деген кәсіпкерге жалға берген. Қазып алынған құм-тас кімдерге сатылды? Мемлекетке салық төленді ме? Осылайша ол қоршаған ортаға экономикалық залал келтірген.  ҚР экологиялық Кодексінің 321-бабы 1-тармағына сәйкес, экологиялық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар өздері келтірген залалды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес өтеуге міндетті. Алайда, Ж.Юлдашев тарапынан 2 (екі) жыл өтсе де мемлекетке қайтарылған бір теңге де қаржыны көрмей отырмыз. Сонда Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің арнайы хатының көк тиын да құны болмағаны ма?

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 97-бабының 3-тармағында ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға жататындығы тайға таңба басқандай көрсетілген. Аудан орталығындағы тереңдігі 20 метр, ені 300 метрлік карьерге балық өсіремін деп жалған құжат жасатқан Ж.Юлдашев, қазіргі кезде осы шұңқырға жүздеген тонна қоқыс тастап киелі Сайрам ауданының ауасын ластауда…

Бұл — адам  баласына қасақана жасалған қастандық.

Осындай экологиялық апаттың кесірінен облысымызда  жылына бір ғана қатерлі ісіктен (рак) 2500 адам ауруға ұшырап, 1450 адам қайтыс болуда, бұл аурумен жас балалар да ауруда.

Қатерлі ісік ауруы онымен ауырған адамға ғана емес, жалпы жанұясына үлкен қайғы-қасірет алып келеді. Жан азабына шыдамаған жандар, бұл өмірге келгеніне түңіліп, өз-өзіне қол жұмсап жатқандары қаншама.

Жантураның жанкешті әрекеті мұнымен де тыйылмады. Қоршаған ортаны қойып, енді залалын қоғамға да тигізіп үлгерді. Оның алаяқтық әрекетінен бір қатар тұрғындар да жапа шекті. Соның бірі – Мамлакат Рахимқулқызы. Редакциямызға арызданып келген ол Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының тұрғыны. Жантураның оған жекжаттық байланысы бар. Яғни, ұлы Хамиджанның бажасының әкесі екен.

«Жер сатамын». Мамлакат Рахимқулқызын Жантура осылай деп торына түсірген. Осылайша 21.07.2014 күні 100 АҚШ доларына алдын-ала төлем жасайды. Құжат туралауға 8200 АҚШ долларын сұрап, алып кетеді. Кейіннен Астанаға шұғыл ұшамын деп, 30.09.2014 күні тағы құжат рәсімдеуге 1200 АҚШ долларын  береді.Барлығы –20300 АҚШ долларын құрайды.

Алайда, Мамлакат Рахимқулқызы бізге ешқандай құжат бермеді дейді.Жол бойынан Каререге жақын жерден 30 соттық жерді көрсетеді.Сол жерге 300 камаз тас топырақ төктіріп 15 000, тағы 18 000, бұдан бөлек 70 000 теңге сұрайды. Кейіннен сіздерге жерді бұл жерден бермейтін болдым деп, басқа жерден 40 соттық жерді көрсетіп, қазық қақтырады. Жер өлшегендерге тағы 80 000 теңге шығындалады. Осылайша, бір өтірікті екіншіге жалғап 5 жыл өтеді.

5 жыл ақшасын пайдаланады. Құжатты қайта-қайта талап етіп қоймаған соң, қолхат жазып береді.Оны да Жантураның артынан жүріп,аяқтан тозып, 13.03.2016 жылы әрең алады.

2018 жылы «сіздерден алғанымның барлығы осы»  деп, 3 000 000 береді. Ол Қазіргі доллар курсына шаққанда 8 000 АҚШ долларын құрайды.

Мамлакат Рахимқулқызы «Біз туыстарымыздан қарыз алған болатынбыз. Бұрынғы доллар курсымен алсақта, қазіргі курспен қайтарып келеміз. 2014 жылғы қарыздардан әлі құтылмадық»деп шырылдайды. Қарыздардың қасіреті мен Жантураның опасыздығы отбасының денсаулығына да кесірін тигізбей қоймады. 17.02.2016 жылы Мамлакаттың жолдасы М. Ниязов жүрек талмасынан қаза табады. Ал, ұлы Хамиджан екеуіне қан қысымы дерті жабысады.

Арызданушылар Жантураның жымысқы әрекетінен 12,300 АҚШ доллары, теңгеге шаққанда 1,668 000 теңге шығын келтірген. Ендігі мақсаты – аталған қаражатты қайтарып алу. Немесе 40 соттық жерді заңды құжаттарымен беруді талап етіп отыр.

P.S: Бұл Жантура жайлы бізге келген ақпараттардың бір парасы ғана. Алдағы уақытта екінші тараптың да уәжін тыңдап, осы жайт бойынша журналистік зерттеу жүргізетін боламыз. Ең қызығы, тайға таңба басқандай заң бұзушылыққа құзырлы органдардың қол қусырып, көз жұма қарағаны. «Көрмес – түйені көрмес» деген осы шығар?

 

Н.Мамықова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *