СОТҚА СЕНІМСІЗДІК БІЛДІРДІ

 

«Сарыағаштық тергеушілер істемеген қылмысты ұрып мойындата ма?». Осындай атаумен «Саясат-ақпарат» қоғамдық-саяси газетінің №11-12 мақала жарық көрген болатын. Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауында болған іс 8 рет кейінге қалдырылып, 4 айға жуық созбалаңға салынды. Сот отырысына Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Лебаев Әділбек Ғұламұлы төрағалық етті. Соңғы сот отырысында төраға былай қаулы етті:

«Ағабеков Қанат Оразбайұлы ҚРҚК 188-бабының 2-бөлігінің 1,2,3 тармақтарында жасалған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын оған:

ҚРҚК 188-бабының 2-бөлігінің 1,2,3 тармақтарымен 2(екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеу белгіленсін.

Ағабеков Қанат Оразбайұлының бұлтартпау шарасы «Күзетпен ұстау» өзгеріссіз қалдырылсын. Жазаны өтеу мерзімі 26.01.2019 жылдан бастап есептелсін.

Кәмелетке толмаған Мықтыбай Ерсұлтан Бауыржанұлы ҚРҚК 188-бабының 2-бөлігінің 1,2,3 тармақтарында жасалған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған осы баппен 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленсін.

Мықтыбай Ерсұлтанға Бауыржанұлына уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқу орнын ауыстырмау, белгілі бір орынға бармау және отбасына материалдық қолдауды жүзеге асыру жүктелсін.

Мықтыбай Ерсұлтан Бауыржанұлының «Кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасының қарауына беру туралы» бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгеннен соң жойылсын.

Мықтыбай Ерсұлтан Бауыржанұлының мінез-құлқын бақылау тұрғылықты жері бойынша Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару инспекциясына жүктелсін.

Мықтыбай Ерсұлтан Бауыржанұлына үкім заңды күшіне енгеннен кейін он тәулік ішінде есепке қою үшін пробация қызетіне бару міндеттелсін.

Кәмелетке толмаған Темірхан Бекзат Ерғалиұлы ҚРҚК 188-бабының 2-бөлігінің 1,2,3 тармақтарында жасалған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған осы баппен 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленсін.

Темірхан Бекзат Ерғалиұлына уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқу орнын ауыстырмау, белгілі бір орынға бармау және отбасына материалдық қолдауды жүзеге асыру жүктелсін.

Темірхан Бекзат Ерғалиұлының «Кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасының қарауына беру туралы» бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгеннен соң жойылсын.

Темірхан Бекзат Ерғалиұлының мінез-құлқын бақылау тұрғылықты жері бойынша Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару инспекциясына жүктелсін.

Темірхан Бекзат Ерғалиұлына үкім заңды күшіне енгеннен кейін он тәулік ішінде есепке қою үшін пробация қызетіне бару міндеттелсін.

Кәмелетке толмаған Қаржаубай Нұрбол Сайлаулы ҚРҚК 188-бабының 2-бөлігінің 1,2,3 тармақтарында жасалған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған осы баппен 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленсін.

Қаржаубай Нұрбол Сайлаулына уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқу орнын ауыстырмау, белгілі бір орынға бармау және отбасына материалдық қолдауды жүзеге асыру жүктелсін.

Қаржаубай Нұрбол Сайлаулының «Кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасының қарауына беру туралы» бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгеннен соң жойылсын.

Қаржаубай Нұрбол Сайлаулының мінез-құлқын бақылау тұрғылықты жері бойынша Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару инспекциясына жүктелсін.

Қаржаубай Нұрбол Сайлаулына үкім заңды күшіне енгеннен кейін он тәулік ішінде есепке қою үшін пробация қызетіне бару міндеттелсін.»

Алайда, осы іске қатысты күдікті деп танылған кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдері бұл шешіммен келіспейді. «Біз сот отырысының төрағасы Әділбек Лебаевқа сенімсіздік білдіреміз. Бұлай деуіміздің себебі, судьяға алдыңғы сот отырысында қылмыстық іске Сарыағаш АПБ-нің тергеушілері мен көлік жүргізушісін куә ретінде шақыртуын сұраған болатынбыз. Судья да өз аузымен біздің ұсынысымызды қуаттап, аталмыш қызметкерлерді мәжбүрлеп болсын алдыртуды өз қадағалауыма аламын деген болатын. Алайда, Сарыағаш АПБ-нің тергеушілері мен көлік жүргізушісі сот отырысына келмеді. Әділбек Лебаев «Шақырту жібердік, осылай қарай жолға шығыпты» деген болатын»,- дейді олар.

Сонымен қатар, сотқа тапсырылған, тіркелген екі дана бейнетаспа дискісін сот отырысында көріп, тыңдауды ұсынған адвокат Елеусізов Ержанның қойған талабын қанағаттандырудан бас тартқанына қапалы. Сол екі бейнетаспада Сарыағаш АІІБ-ның полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері, сонымен бірге, кәмелет жасына толмаған азаматтарды қорлау, қинау жолымен істемеген қылмыстық іс-әрекеттерді мәжбүрлеп мойындарына қою заңсыз әрекеттері дәлелденер еді деген ойда.

Осы әрекеттерге байланысты кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдері апелляциялық сотқа қайта арызданамыз деп отыр.

Н.Мамықова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *