ХАЛЫҚТЫ ҚАН ҚАҚСАТҚАН ТОҚТАР АЛЬМАХАНОВТЫҢ «КРЫШАСЫ» КІМ?

Қазақстан Республикасының 
Президенті Қ. Тоқаевқа
 

Құзырлы органдармен жергілікті билікке: 
«Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Назарбаевқа
 
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Ж.Асановқа
 
ҚР Бас прокуроры Ғ.Нұрдәулетовқа
 
ҚР ҰҚК төрағасы К.Мәсімовке
 
ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа
 

         Тоқтар Альмаханов деген азаматтың атынан 3 адам арызданып келді. Үшеуінің де базынасы бір. Аталмыш азамат жарнама парақшалары қалтаға қонымды бағаға кірпіш сататынын мәлімдеп жұртты қызықтырып, сан соқтырған. Көңілге секем алмас үшін «кірпіш зауытын» ашқан. Дегенмен, онда ешқандай кірпіш құйылмайды. Тапсырыс берушілерге жарнамалауға әртүрлі көлемде бірнеше кірпіш қойып қойған. Қомақты қаражатынан қағылып, жапа шеккендердің қарасы қалың. Көзбояушылық үшін салынған зауыттың жанында көз жасын көл қылған халық жетерлік. Азаматқа алданып, опық жеген Гүлсара Оразбекова былай дейді:

«Мен Оразбекова Гүлсара Тілеумбекова жарнама бойынша Тоқтар Альмахановқа кірпіш алуға барып жолығып, кірпіш алуға қолма қол ақша бердім. Ол кісі, Забадам мөлтек ауданында үйінде қабылдап алды. 40 мың кірпішке 460 000 теңге беріп кеттім, қолма қол алып қалды. Сосын келісім шартқа отырып кірпішті жеткізіп беруге уәде берді».

Оқиға 2017 жылдың маусым айында орын алған. Қос тарап келісімшартқа сәйкес сатып алынған кірпішті 15 күн аралығында кірпішті жеткізіп беретін болып келіскен. Дегенмен, аталған мерзім өтсе де зауыт ешқандай кірпіш әкелмейді. Араға біраз күн салып Гүлсара кірпіш зауытына өзі барған. Өндіріс ошағына беттеген бойда өзінің жер сипап қалғанын сезген. Себебі, азаматқа алданып, сан соғып қалған жалғыз өзі емес екен. Кірпішін ала алмай табанынан тозып жүрген халықтың қарасы қалың.  Көп ойланбай Әл-Фараби аудандық сотына арызданған Гүлсараның арызын белгісіз себеппен  Еңбекші аудандық сотына шақырады.

Сот 2017 жылы 07 желтоқсанда өткен болатын. Судья М.Шертаева істі қарап Т.Альмахановтан 473 800 теңге қарыз ақшаны өндіруді талап етті. Бірақ Т.Альмаханов сотқа келмеді. Сот орындаушысы Бахадүр есімді заңгерді жіберген.Сот отырысынан кейін бір жылдай уақыт өтседе ақша қайтарылмады. «Бахадур маған қоңырау шалып, Т.Альмаханов сізге ақша салды деп айтты. Мен ақшаны алуға барсам 5000 теңге, мен ол ақшаны алмадым. Ол сонда 473 800 теңгені 5000-нан қашан беріп құтылады. Сот қаулысында көрсетілген суммаға күнделікті кешіктірілгені үшін 01 % жылдық айып пұл және 0,1 % өсім пұл өндірілуі тиіс деп көрсетілген»-дейді Гүлсара Тлеумбекова.

Тоқтар Альмахановтан жапа шеккен 20 шақты азаматтық әлеуметтік желіде ортақ чаты бар. Барлығының тілеуі бір. Табан ақы, маңдай терімен тапқан қаражатын қайтарып алу.

Редакциямызға Гүлсара Тлеумбековадан бөлек, Еңсепбаев Батырхан және Кабылбеков Омирбек атты екі азамат арызданған болатын. Тоқтар Альмахановқа олардың бірінің 598 000, келесісінің 400 000 теңге алашағы бар. Арызданушылардың айтуынша Тоқтар Альмахановтың ұлының дәл осылай халықты алдап кірпіш сататын тағы зауыты бар. «Әке көрген оқ жонар». Әкесінен көрген өнегесі осы болса, ұлы қайда барар?  Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп, оңай жолмен олжа табуға дағдыланған олар біраз адамның көз жасына қалуда.

Түйін: Көп асқанға бір тосқан. Оңай олжаға құныққан адам түбінде опық жейді. Біз аталмыш жайтты зерттеп, зерделеп құзырлы органдарға жолдайтын боламыз. Жапа шеккен қарапайым халықтың ақшасын қайтаруға қолымыздан келген көмектен аянып қалмаймыз.

 

Н.Дарханбайқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *