ЖҰҚПАЛЫ АУРУ ОРТАЛЫҒЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, қалада коронавирустық инфекцияны төмендету бойынша салынып жатқан модульдік жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды.
Госпиталь Қаратау ауданының «Ақжайық» шағын ауданында орналасқан. Ғимарат 20 төсектік реанимация бөлімшесі бар 200 төсек-орынға арналған бір қабатты, модульдік үлгі бойынша салынды. Бас мердігер — «BI Industrial» ЖШС.
Бұл госпиталь қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы болып табылады. Мұнда коронавирустық инфекцияға күдікті барлық пациенттерді қабылдайтын болады.
Стационарда 300-ден астам білікті медицина қызметкері медициналық көмек көрсетеді.
Инфекциялық госпиталь қажетті заманауи медициналық техникамен жабдықталған: компьютерлік томография, сандық рентген аппараты, 20 ИВЛ аппараты бар.
Инфекциялық госпиталь жобасының ерекшелігі — пациенттерге білікті медициналық көмек көрсету үшін операциялық блок пен перзентхана залының болуы.
Реанимациялық залдар «open space» қағидаты бойынша ашылған, бұл медициналық персоналға пациенттердің жағдайын бақылауға жеңілдетеді.
Стационарды жобалау кезінде ғимараттың ішінде эпидемиологиялық режимді сақтауға көп көңіл бөлінді.

© Өз тілшімізден

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *