КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША ӨТІНІМ БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру қызметі бойынша арнайы communal-komek.kz сайты ашылған. Ағымдағы жылдың 21 сәуірінен бастап ақпараттық жүйесі арқылы 31 975 өтініш келіп түскен.
Аталған қызмет аясында мамыр-маусым айында жоспарланған 527 млн теңге толығымен игеріліп, 17 566 азаматтың дербес есеп шотына ақша аударылған.
Өтінімдер 25 маусымға дейін қабылданады. Қалған азаматтардың коммуналдық шығындары шілде айында өтелетін болады.

© Өз тілшімізден

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *