ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаң және 400 ойын алаңшасы бар. Жауапты мамандар аудан аумағында залалсыздандыру жұмыстарын жалғастыруда.
– Қазіргі таңға көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне және басты көшелер мен ішкі орамдық көшелерге дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті өз жалғасын табатын болады, – дейді аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов.

© Өз тілшімізден

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *