ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Шымкентте COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан ERG құрамындағы «3-Энергоорталық» АҚ жұмысын штатты режимде жалғастыруда. Сала мамандары жылыту маусымын аяқтай салысымен бірден қысқы маусымға дайындығын бастап кетті. Биыл қондырғыларды күрделі жөндеуге 825,53 млн теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланған.
– Орталықта қондырғыларды жаңартуға, қазандықтар мен турбиналарды ақаусыз техникалық күйде ұстауға күш жұмсадық. Мақсатымыз — Шымкентті жылу және электр энергиясымен сенімді және сапалы түрде қамтамасыз ету. Күрделі жөндеуге 825,53 млн теңге, ал ағымдағы жөндеулерге 250 млн теңге инвестицияланады, – дейді «3-Энергоорталық» АҚ Бас директоры Қайрош Оңғарбаев.
Станцияда қажетті сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер ұйымдар анықталған. Жөндеу жұмыстарына және қажетті материалдарды жеткізуге қатысты келісімшарттар түзілген.
Бүгінгі таңда, мердігер компания №1 қазандыққа, химиялық цехтағы тұзсыздандыралған және жартылай тұзсыздандырылған бакқа, сонымен қатар санитарлық-тұрмыстық орындарға күрделі жөндеу жүргізуде.

© Өз тілшімізден

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *