ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ӘРІПТЕСТЕРІ ҒАЗИЗ БАЙТАСОВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Шымкенттік полицейлер “Халық Қаһарманы” Ғазиз Байтасовты еске алды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндеттерін атқару кезінде ішкі істер органдарының 800-ге жуық қызметкері қаза тапқан. Жас ұрпаққа ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен, әріптестеріміздің бірі — Ғазиз Байтасов болатын. Ол 2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында қылмыскерді ұстау кезінде мерт болды. Нақтырағы қаруланған қылмыскер өзін-өзі жармақ болғанда, өзгелердің өміріне қауіп төндірмеу үшін еш ойланбастан Ғазиз Байтасов қылмыскерді өз денесімен жапқан. Антына адалдық танытқан қайсар болмысты полиция қызметкерлерінің ерлігі халық жадында мәңгі сақталмақ. Ел игілігі жолында қызмет атқарған батыр ұлды Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің жеке құрамы еске алды.
«Құқық қорғау саласында қызмет атқарып жүрген әрбір азамат үшін полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі үлгі. Осы мақсатта Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің жеке құрамы бір минут үнсіздік жариялап, еске алды. Әрі жас ұрпақ ел игілігі үшін кеткен қызметкерлердің ерлігін назарға алып, әрдайым есте сақтауы тиіс деп ойлаймын» — дейді Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Жомарт Сапаров

Айта өтейік, 2011 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовтың әйелі Гүлжамал Тажиеваға “Халық қаһарманы” атағына қосымша “Алтын жұлдыз” белгісі мен “Отан” орденін табыстады.

 

#dp_shymkent #polisiakz #qriim_mvdrk #police_shymkent #департаментполициигородашымкент #шымкентқаласыныңполициядепартаменті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *