Тәкфиршілердің идеологиясы

Тәкфир – арабшадан аударғанда «кәпірлікпен айыптау» дегенді білдіреді. Тәкфир идеясы 1970-жылдардың аяғында Ауғанстанда пайда болып, осы елге әскери дайындықтан өтуге және жиһадқа қатысу үшін келген моджахедтер арасында кең тарады.

Тәкфирдің мәнісі – кәпірлерге қарсы қарулы соғысқа қатысуды міндет деп білуде. Тәкфир тұжырымдамасының бір ерекшелігі – мұсылмандардың бір бөлегін де «кәпір» деп жариялауында жатыр.

Қазақстанда тәкфир идеясын жақтаушылар 1990-жылдардың ортасында, Башқұртстан мен Татарстандағы діни оқу орындарында білім алғандардың жаппай оралуымен тұспа-тұс келді. Бұл идеяны жақтаушылар өздерін тәкфиршілер немесе «Хизб-ут-такфир» деп атайды, бұл аталмыш қозғалыстың жеткілікті ұйымдасқанын көрсетеді.

Олардың пікірінше, мұсылман адамның қазіргі зайырлы қоғам режиміне көнбістігі оларды кәпірге айналдырады. Сондықтан, қалыптасқан азаматтық қоғам ережелеріне бағынып жүрген адам Ислам дінін ұстанса да «кәпір» атанады. Тәкфирлердің ерекшелігі – намазды өзге жамағаттан бөлек тұрып, немесе соңынан бөлек оқиды, жиһадқа шақырады. Тәкфиршілер жиһад – Ислам мемлекетін құрудың ең басты құралы деп санайды. Бұл қозғалыс Қазақстан мұсылмандары арасына іріткі салып, өзара соғысты өршітеді.

Біздің елімізде де осындай жасырын сеніммен жүрген тәкфиршілер жоқ емес. Сондықтан олардың теріс пиғылды іс-әрекетіне қарсы тұру үшін халықтың санасына қарсы тұратын иммунитет қалыптастыруды жалғастыра беруіміз қажет.

 

Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген.

Көрнекі фотосурет ашық интернет көзінен алынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *