Рухани тәрбие және гуманитарлық дәстүр

Ел естілерімен, ерлерімен бейбіт өмірде еңсесін көтерді. Елдің еңсесі мен берекесін сауаттылар, салауаттылар көтермелеуде. Парасаттылар, мейірімділер, имандылар елдің де, адамның да ажарын келтіруде, ынтымағын арттыруда, арасын жарастыруда. Ел межесі рухы биіктермен, қажырлы қуаттылар арқылы елеулі.  Рухани тәрбие елдіктен бастау алады, мәдениетте жаңғырады, исламда гуманистік дәстүрді жалғастырады.

Қазақ елі – ұлт пен ұлыстың басын қосып, бір атаның баласындай татулық орнатқан шуақты шаңырақ. Біздің еліміз – берекелі бірлік пен тұрлаулы тірліктің символы. Реформаның тиімділігі үш қағидаттан —  қоғам мен мемлекетті біртұтас және тұрақты ету ықпалынан, билік пен халықтың мықты ерік-жігерімен қамтамасыз ету өнерінен, қазіргі өзекті мәселелерді шешудің дұрыс жолын тауып, тұрақты дамудың елдік тізгінін берік ұстаудан білінеді. Жаһандық және пенделік теріс әрекеттер көп нәрсенің бетін, олқылықтардың көзін ашты.

Адам, ел, қоғам мәдениетімен қуатты, құнды және қасиетті. Мәдениет медеті — рухани-адамгершілік тәрбие, гуманистік дәстүр, елдік ұстаным бірлестігінде.  Адамгершіл тәрбиенің бастаулары – адамға өмір жолын таңдауға сенімділік пен еркіндік, табысқа жетуге және өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білімде; күрмелі істердің күрмеуін тез шеше алатын тұлғалық кемеңгерлікте; өзгені сыйлай білетін, өзіңді сыйлата алдыратын қуатты да әдепті іс-әрекетте; тұлғалық таным мен халықтық салттың демократиялық үрдісінде; елдік мүдденің нақты тоқтамдары мен ауқымды тұжырымдамаларында; тұлғалық, ұлттық және мемлекеттік межені биікке көтеретін рухани ұстанымдарда. Жеке адамның адамгершілік санасы оның мінез-құлқы мен іс әрекетінің құрамы мен қуатын анықтайды.

Ел ынтымағы мен адам бақыты ислам дінінде мәңгі марапатталады, Құран аяттарында татулық пен тұрақтылық көзіне айналады, адам жүрегіне орнығады. «Алла бүлік шығарушыларды сүймейді» (64-аят), тыныштық пен жарастықты қалайды. Өзінің үмбеттерін «рақым шуағы» ретінде қарайды, иманды болуын қалайды. Иманға сенген, имандылыққа көнген, иман келтірген тура жолдан таймайды. Иманды «ең үстем мінез-құлыққа ие», «бүкіл адамдарға сүйінші беруші және ескертуші» боларлық адал қызметін атқарады (Қалам 3-4, Сәбә 28);  «жақсылықты көп есіне алады», «жақсы сөзді одан да жақсартады, жаман сөзді одан да жаман етеді» (Бұхари).

Өз ықыласын жақсыға да, Жаратқанға да жолдамайтындар  күмән-күдік те жиі адасады, сүрінеді, өтімді өмірден шеттеп қалады. Күпірліктің жүрегіне перде тұтулы. Тіршілікте дұрыс амал тапқандар үрейден аса алады. Тыныштық пен татулық үшін айқын дәлел іздеген азғындық жолына түспейді. Ізгі іс істеген өзіне де, өзгеге де өлім жазасын тілемейді. Мәдениеттіліктің ұлағаттылығы мен ұлылығы осы түйінді тоқтамдарда.

Сонымен дін – мәдениеттің түрі, құрамдас бөлімі. Мәдениет елге қызмет етуімен қуатты. Мәдениет пен елдің қозғаушы күші – адам, адамның өнімді ойы, әрекеті, ісі. Адамның шоқтығын көтеретін, оған әлеуметтік құндылық, рухани сипат енгізетін философия, дін, әдет-ғұрып.

Елде гуманистік дәстүр етек жайды. Мұндағы тоқтам: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген ұстаным қоғамдық келісімді нығайтуға арналған. Елдік сезім, елдік ұғым, елдік дәстүр күшті де ортақ сезімталдықтан, тұрақты да нысаналы  қарым-қатынастан, келісімнен қолдау табады. Тоқтамның тірегі — бірлікте, ортақ мақсат-мүддеге қатысуда, адами құндылықтарға икемділік танытуда.

Ел – серіктестік және тұлғалық құндылықтарымен, адамгершіл ізгілігімен мәңгі. Әйтседе, жетістіктің тетігі мен кілті — қоғамдық күште, елдегі күш-қуаттың бастамасы – ауыз бірлікте, іштей бітімде, халыққа деген адал қызметте екенін халқымыздың тарихы үйретті. Жетістіктің басты шарты — осы үйлестік пен сабақтастықта.

 

 Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша  «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *