ШЫМККЕНТ: ҚАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021 — 2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы 121 және 123-ші индикаторларының орындалуына бақылау жасау мақсатында Шымкент қаласы мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі ретінде көшпелі іс-шарада болдым.
«Шымкент қаласының жол және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында 300 аппараттық-бағдарламалық кешен (оның ішінде 100 көше қиылысы және 200 желілік учаске) және 1500 жалпы бейне бақылау камералары орнатылды.
Аталған жұмыстарды атқару үшін Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына Полиция департаментімен 3,9 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім енгізіліп, ағымдағы жылдың 18 наурыз күні өткен кезекті мәслихат сессиясында қолдау тапқан болатын.
Бүгінгі таңда, полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері үшін 32 автоматтандырылған жұмыс орны ұйымдастырылып, әзірленген мекенжай бағдарламасына сәйкес 1500 жалпы бейне бақылау камералары және 200 желілік учаскеге камера орнатылды. Сонымен қатар, 100 көше қиылыстары 877 камерамен қамтылды. Сондай-ақ, деректерді өңдеу орталығы іске қосылып, жедел басқару орталығы жаңа бейнеқабырғамен қамтылды. Жаңа бейнеқабырғаның көріну шолуы 3 есе арттырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *