АРДА АЗАМАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Киелі өңірдің өсіп-өркендеуімен гүлденуі жолында орасан зор еңбек етіп, ел есінде іскер әкім ретінде аты қалған абзал жан, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Әліпбек Өсербаевты еске алуға арналған ересектер арасындағы волейбол және кіші футболдан Түркістан қаласының ашық біріншілігінің ашылу салтанаты өтті.
«Түркістан арена» стадионында басталған шараға облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен қала тұрғындары қатысты.
Ашық біріншіліктің салтанатты шарасында сөз алған Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан қаласының дамуына елеулі үлес қосқан, саналы ғұмырын шаһардың экономикасы мен әлеуметтік дамуына арнаған біртуар тұлғаның жарқын бейнесін еске алып, жылы естеліктерімен бөлісті.
Түркістан қаласы әкімдігі және қалалық мәслихат депутаттарының тікелей демеуімен ұйымдастырылған кіші футбол жарысында облысымыздың қала, аудандарынан 32 команда, волейболдан 10 команда өзара мықтысын анықтайды.
Спорт күні қарсаңында ұйымдастырылған жарыс екі күнге созылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *