ТҮРКІСТАНДА САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Облыс орталығына «Түркістан – Түркі әлемінің жүрегі» атты аудан, қалалардың мәдениет күндері аясында Сайрам ауданының рухани-мәдени керуені келді.
Үш күндік бағдарламаның алғашқы күні «Ақсу» фольклорлы халықтық ансамблінің, «Самұрық» би тобының «Ақсукентім – арайлым» атты концертімен бастау алды. Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Ш.Убайдулаев, Облыстық мәдениет басқармасының Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы М.Кенжетайұлы, аталмыш бөлімнің бас маманы Е.Сартаев бастаған қонақтар алдымен қолөнер және кітап көрмесін, ауылшаруашылық жәрмеңкесін тамашалады. Содан соң спорттық іс-шаралармен жалғасып, жас спортшылар өнер көрсетті.Жүргізушілер ортаға шығып, шара мақсатын көпшілікке таныстырып, кезекті қазақ күйлеріне берді. Содан кейін салтанатты кешті ашып беру үшін аудан әкімінің орынбасары Шұхрат Убайдулаев сахнаға шығып, құттықтау сөз сөйледі. Әрі қарай Түркістанға арнау айтылып, күміс көмей әншілер әуелете ән салса, мың бұралған бишілер қазақ және өзге де ұлттық би билеп, көрермен көңілін көтерді.
Келесі күні ақын, сазгер Роза Әбдіжаппарованның шығармашылығынан «Күзгі әуен» атты кітап көрмесі әзірленіп, көпшілікке таныстырылды. Содан соң «Ақсу әуендері» халықтық вокалды-инструменталды ансамбльінің қатысуымен «Киелі мекен – Сайрамым!» атты концертіне ұласты. Ал шараның соңғы күнінде келушілер ұлттық салт-дәстүр және қолөнер көрмесін тамашалады. Әрі қарай Ибрагимовтар отбасылық ансамблі мен «Ғұнча» халықтық ансамблінің «Сайрам – достық арнасы» атты концерттік бағдарламасымен қорытындыланды. Осылайша Сайрам ауданының өнерпаздары Түркістан жұртшылығына рухани-мәдени демалыс сыйлады. Айта кетейік, «Керуен сарай» туристік кешенінде осы апта соңында «Керуен сарай» туристік кешенінде Мақтаарал ауданының мәдениет күндері өтеді деп жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *