ТҮРКІСТАНДА «НҰРОРДА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕБІ САЛЫНАДЫ

Түркістан қаласындағы «TURKISTAN» АЭА» әкімшілік-іскерлік аумағында «НҰРОРДА» халықаралық мектебі» салынады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің «TURKISTAN» АЭА» АҚ өкілдері «Диал Строй» ЖШС-нің директоры Ғабит Маматраиымов пен БИЛ-дің бірінші вице-президенті Мухаммадали Ибрагимовпен кездесуінде келісімге келді. Инвестордың шаһардағы мәдени — рухани орталықтан шығыс үлгісіндегі сауда орталығын салмақ ойы бар. Сондай-ақ кездесуде қаланың әкімшілік-іскерлік аумағында заманауи қонақүй салу туралы жоспар талқыланды.
«НҰРОРДА» халықаралық мектебі» – еліміздегі ең үздік білім ошақтарының қатарында. Төрт тілде білім беретін халықаралық мектепте барлық жағдай жасалады. Білім беру кешенінде футбол алаңы, жатақхана және бассейн салынады. 5 гектар жерге жайғасатын заманауи мектептің қабырғасы биыл қаланады. Жоспар бойынша 2024 жылғы жаңа оқу жылында ашылады деп күтілуде.
«НҰРОРДА» халықаралық мектебі» Қазақстанның ірі қалаларында бар.
Akparatinfo.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *