«БЕКЗАТТА» АЛҒЫС ТА АЙТЫЛДЫ, АЛДАҒЫ УАҚЫТҚА АМАНАТ ТА ЖҮКТЕЛДІ

 Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің «Бекзат» секторындағы кездесуін тұрғындар атқарылған жұмыстарға алғыс айтуымен басталды.
«Бекзат» секторында ақпан және наурыз айларында тұрғындармен кездесу барысында 59 мәселе көтерілді. Олардың 53 нақты орындалса, 6 мәселе тиісті бөлімдермен заң аясында орындалуы зерделенуде.
61,3 шақырымды құрайтын 40 көшеге жарықтандыру жүйесі жүргізіліп, көше жарықшамдары кезең-кезеңімен электр көзіне қосылуда.
Биыл Самал көшесі орташа жөндеуден өтеді. Жаров, Қазақбаев, Жәңгір хан көшелеріне жаяу жүргіншілерге арналған жол жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта Жәңгір хан көшесі аяқжолмен қамтылып, қалған 2 көшеде құрылыс жұмыстары жалғасуда. 3,8 шқ құрайтын 4 көшеге тас төселді.
«Бекзат» аумағындағы тұрғын үйлерді сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары 2022-2024 жылдарға жоспарланған.
Жангелдин көшесі аумағын электрмен қамтамасыз ету жобасы аяқталды. Енді кезекте абоненттерді қосу жүргізілуде.
Кездесу барысында тұрғындардың көтерген аурухана салу бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында облысымызда 10 денсаулық сақтау нысаны құрылысы қарастырылған, оның ішінде 7-і Түркістанда салынатыны айтылды.
Кездесу барысында көтерілген мәселелер алдағы уақытта жоспарға енгізіліп, тиісті шаралар қабылданатыны келісілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *