ТҮРКІСТАН: «БІРЛІКТЕГІ» 67 ҰСЫНЫСТЫҢ 61-І ОРЫНДАЛЫП, 3-УІ АТҚАРЫЛУ ҮСТІНДЕ. 3 МӘСЕЛЕНІҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫ ЗЕРДЕЛЕНУДЕ

Түркістан қаласының «Бірлік» секторындағы жыл басынан бергі екі кездесуде Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековке 67 ұсыныс пен өтініш түскен болатын. Олардың 61-і нақты орындалып,3-і орындалу үстінде, ал 3 мәселе тиісті бөлімдер тарапынан заң аясында орындалуы зерделенуде.
Бүгінгі кездесу барысында Нұрбол Әбдісаттарұлы атқарылған жұмыстар туралы мәлімет ұсынып, жоспарлармен бөлісті.
Тұрғындардың тілегі назарға алынып, «Баянауыл» елді-мекенінен 900 орынды мектеп құрылысын салу жобалау сметалық құжат әзірленді. Осыған орай мектеп құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік жекеменшік серіктестік жоба аясында жер таңдау жұмыстары жүргізіліп, құжаттар дайындалуда.
Сектор аумағында 16,2 шақырымды құрайтын 25 көшеге тас төселді, 50,3 шақырымды құрайтын 41 көшеге жыл соңына дейін аяқжол салу жоспарлануда.
Сонымен қатар, 33 шақырымды құрайтын 25 көше жарықтандырылды.
«Бірлік” мөлтек ауданында жобадан тыс қалған көшелерді ауыз сумен қамтамасыз ету ету үшін арнайы жоба әзірленді. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталуда.
Сектордағы бірнеше көшелерде сарқынды су жүйесінің құрылысы басталды.
«Бірлік» мөлтек ауданында жалпы жоба бойынша 180 шақырым кәріз жүйесін тарту көзделген.
Қазіргі таңда, жұмыстың 71 пайызы атқарылды. Ауыз су тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылды. Тамыз айында құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *