ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ — ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

Түркістан қалалық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы»КММ-нің мамандарынан құрылған арнайы үгіт насихат тобы шаһардағы жарнамалар мен тамақтану орындарындағы ас мәзірінің Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының аясына сәйкестігін тексеруде.
Рейдтік аралау барысында жұмысшы топ 30-ға жуық тамақтану орталықтарының мәзірін бақылап, анықталған кемшіліктер бойынша иелеріне «Тіл Туралы» Заңның талаптарын түсіндірді.
Сондай-ақ, 20-ға жуық ілінген жарнамаларды анықтап, Қазақстан Республикасы «Тіл Туралы» Заңның талаптары мен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы бойынша үгіт- насихат жұмысын жүргізді.
Akparatinfo.kz.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *