«Е-АСХАНА» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ АТА-АНА БАЛАСЫНЫҢ НЕ ЖЕП ЖҮРГЕНІН БАҚЫЛАЙ АЛАДЫ

Түркістан қаласының бірнеше мектебінде «Е-Асхана» жүйесі жүзеге асырылуда. Жүйе арқылы ата-ана баласының мектепте қандай ас ішіп жүргенін толық бақылай алады, деп  хабарлайды akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Сонымен бірге, баланың күнделікті тамақтануына арнап ай сайын немесе күн сайын мүмкіндігіне қарай ақша салып қояды.
Ол үшін ата-ана баланы жүйеге тіркегеннен соң, арнайы QR-код алады. Бала QR-код арқылы тамағына төлем жасайды. Тиісінше, ата-аналары баланың қандай тағам мен сусын алғанын, бағаларын, құрамын бақылауда ұстау мүмкіндігі бар.
Бүгінде аталған жүйе шаһардағы №19 Төле би атындағы жалпы орта мектебі мен №28 мектеп-лицейінде пилоттық жоба ретінде қолға алынуда. Келешекте жүйені қала мектептерінде іске қосу жоспары жүзеге асырылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *