Түркістанда ыстық тамақтың сапасы бойынша басқосу өтті

Түркістан қаласындағы балабақшаларда бүлдіршіндерге берілетін тағамдар мен мектеп оқушыларына үкіметтен берілетін ыстық тамақтың сапасы бойынша басқосу өтті, деп  хабарлайды akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі. Мәжіліске Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы, мектеп директорлары және балабақша меңгерушілері қатысты.
Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Превенция басқармасының аға офицері – майор Гүлжамал Қансейітова спикер ретінде баяндама жасады. Гүлжамал Әбдуәліқызының сөзінше, бүгінде қоғам дертіне айналып отырған жемқорлық — ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қауіп-қатер болып саналады.
Сондай-ақ, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» «Тәрбие және әлеуметтік – психология» кафедрасы Әлеуметтік сала әдіскері Ардақ Уразымбетова «Жалпыға міндетті білім беру қорынан қаржыландыратын оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу қызметі» тақырыбында баяндама жасады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *