ТҮРКІСТАН: ЕҢБЕГІ ЕРЕН МҰҒАЛІМДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласында ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп  хабарлайды akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі.
“Мәңгілік мәртебе иесі — мұғалім!” тақырыбындағы кеште түрлі сала қызметкерлерінің ұлағатты ұстаздарды құттықтауы жолданған бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова білім саласында еселі еңбек етіп жүрген ұстаздарды құттықтап, алғыс хат табыстады.
— Бала жанының бағбаны атанған мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтаймын! Аппақ парақтай бала жаны ұстаздардың мейірімін жүрекпен сезеді. Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген тәлімгерлер бүгінгі сепкен дәнінің болашақта жемісін жейді. Мерейлі мерекеде ұстаздардың марапатталғаны әріптестеріміз үшін үлкен қуаныш, — деді Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы.
Шараның негізгі бөлігінде түркістандық өнерлі өрендер сахна көркін қыздырды. Концерттік бағдарламаға ұласқан шарадан кеш қонақтары әсерлі көңіл күймен тарқасты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *