ТҮРКІСТАН: «ДЕСАНТТЫҚ ТОП» ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Білім беруді дамыту орталығы әдіскерлерінен құралған «Десанттық топ» түркістандық педагогтарға әдістемелік көмектерін ұсынуда, деп  хабарлайды akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Қаламыздағы А.Байтұрсынов атындағы N1 мектеп-лицейі мен Ө.Жәнібеков атындағы N27 ІТ мектеп-лицейінде үш күнге жоспарланған шараның алғашқы екі күнінде тәжірибелі әдіскерлер мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен, балабақша тәрбиешілері және бастауыш сынып, орыс тілі, өзбек тілі, көркем еңбек, химия, биология, дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен кездесіп, оқу бағдарламасын орындау, оқушыларға сапалы білім беру барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, электронды платформалармен жұмыс жасау барысы туралы түсіндірді. Сонымен қатар, өз кезегінде түркістандық педагогтар сұрақтар қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Ертең аталған шара барысында «Ашық есік күні» ұйымдастырылады. Ө.Жәнібеков атындағы N27 ІТ мектеп-лицейінде өтетін шарада орталық әдіскерлері ұстаздардың оқыту барысында кездесетін сұрақтарына жауап береді. Сондықтан түркістандық ұстаздарды, педагогикаға енді ғана қадам басқан жас мамандарды аталған шараға келіп кәсіби тұрғыдағы сұрақтарына жауап алуға шақырамыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *