Тәрбиемен берілген білім — жетістік кепілі

Тәрбиемен  білім қатар берілсе, елін сүйген патриоттар саны артады. Қазір қоғамда ата-ана мен мектеп арасында байланыс ажырап бара жатқандығы жиі айтылып жүр. Шын мәнінде осылай ма? Мұндайда жағдайды қалай ретке келтіруге болады. Осы мақсатта Түркістандағы №31 Абай атындағы мектепте ашық есік күні өтті. Онда ата-аналар оқушылардың сабағына қатысып, мұғалімдердің қалай білім беретіні мен өз балаларының үлгерімін саралады.

Абай атындағы №31 мектеп Түркістан қаласы Бекзат мөлтекауданында орналасқан. Мұнда мектепке даярлық топтарын қосқанда 2200 оқушы білім алуда. Бала саны көп болуы білім сапасына кері әсерін тигізбеген. Бұл мектептің оқушылары қалалық облыстық білім аламандарында топ жарып жүр.
Бұл мектеп ай сайын ата-аналармен кездесуді дәстүрге айналдырған.Бұл баланың сабақ үлгеріміне әсер етеді. Әрі өзінің қос тараптан да бақылауда екенін сезінеді. Осындай бірлескен жұмыс сапалы білім мен саналы тәрбие бастауы болады дейді ата-аналар.
Мектепте ата-аналармен өтетін жиналыста психологиялық кеңес және балаға болашақта қандай мамандық алуы жөнінде бағыт бағдар беру жолдары талқыланады. Оқушының сабақ үлгеріміне көмектесу жайы да айтылады.
Оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру үшін заманауи тың тәсілдерді қолданған жөн. Ақпараттық ғасырда интерактивті тақта мен көрнекілік құралдарды көбірек қолданса нұр үстіне нұр. Ашық есік күнінде мұғалімдер өздерінің жұмыс барысын ата-аналарға көрсетті.  Осындай жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Мектепте оқушылар үшін бірнеше үйірме жұмыс істейді. Оның ішінде спорттық үйірмелер бар. Ашық есік күнінде отбасылық жарыстар да ұйымдастырылды. Сонымен қатар Пікірсайыс клубына қатысатын оқушылар шешендік өнерден сайыс өткізіп өздерінің үйренгендерін  көпшілікке көрсетті.
Мектепте өнерге де көңіл бөлінген. Мұнда ән және би үйірмелері жұмыс істейді. Балалар хоры патриоттық әндерді нақышына келтіріп орындауға машықтанған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *