Тәрбиелеу – білім беру процесінің нәтижелі болуын арттырады

Ағымдағы жылдың 20-21 қазан аралығында Түркістан қаласындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жалпы ата-аналар жиналысы өтті, деп  хабарлайды akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Жиналыс мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгертуге қатысты ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тәрбиелеу – білім беру процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата-аналарды тарту, балаларға мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын іске асыру үшін жайлы жағдай жасауда отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру. Өзара түсіністік атмосферасын құру — мектепке дейінгі ұйымның педагогтері мен ата-аналары арасында қарым-қатынасқа деген оң көзқарас пен тілектестікті қолдау болып табылады.
Жиналыс соңында мектепке дейінгі ұйымдар тарапынан психологиялық тренингтер өткізіліп, ата – аналар өздерінің ұсыныстарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *