ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында “Жас тұлпарлар жырлайды” тақырыбында республикалық оқушылар айтысы өтті, деп  хабарлайды akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Оған Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облысының және Шымкент қаласының жас айтыскерлері қатысты. Төрт сағатқа созылған аламанның қорытындысы бойынша, бас жүлдені алған қатысушы тұлпарға ие болды, деп  хабарлайды akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі.

Балалар жылына орай өткен республикалық айтыстың  шымылдығын сыр өңірінен келген Бектай Ұлықбек пен шымкенттің шайыры Елсияр Құлахмет түрді. Олар сахнаға шыға сала жиналған жұрттың делебесін қоздырып, елдің көңілін көтерді. Айтысқа қатысушыларға: «Тәуелсіздікті кеңінен жырлау», «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсыновты жырға қосу секілді» бірнеше тақырыптар ұсынылды.

Байқауды Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, «Оқушылар сарайы» және «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» ұйымдастырды. Шараның мақсаты: қазақтың ұлттық өнерін жан-жақты насихаттап, оның дамуына қолдау көрсету дейді қазылар алқасы

Төрт сағатқа созылған айтыстың қортындысы бойынша жүлделі 3 ші орынды Болат Мейіржан, Бектай Ұлықбек, Дінмұхамед Төленбек және Жүнісбек Айсұлу иеленді. Сондай-ақ 2 ші орынды Елсияр Құлахмет пен Тәңірберді Болат  өзара бөлісті. Байқаудың бас жүлдегерлерін марапаттау рәсімі Оқушылар сарайының ашық алаңында жалғасты. Онда І орын алған Аллажар Сапархан мен Бас жүлде иегері Шахмардан Бекарысұлына тұлпар мінгізді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *