Түркістанда «Үздік жыл психологы» атты қалалық іріктеу конкурсы өтті

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бқліміне қарасты М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында «Үздік жыл психологы» атты қалалық іріктеу конкурсы өтті, деп  хабарлайды akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен конкурстың мақсаты — талантты психологтарды анықтау, оларды қолдау және тәжірибе алмасу.
Байқауға Түркістан қаласы бойынша білім беру ұйымдарынан 20 педагог-психолог маман қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша 3 педагог-психолог үздіктер қатарынан көрініп, облыстық «Үздік жыл психологы» байқауына жолдама алды. Атап айтқанда, Әйтеке би атындағы №26 жалпы орта мектебінің педагог- психологы Ақмарал Жақан, М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының педагог-психологы Эльвира Базанова, Әл-Фараби атындағы №10 жалпы орта мектебінің педагог- психологы Жадыра Абдурасулова бас жүлдеге ие болды.
Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Гүлвира Серікбай байқау қатысушыларын түрлі наминациямен марапаттады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *