«ТҰРАН ЖАСТАРЫ» ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕПАРАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТІ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін «ТҰРАН ЖАСТАРЫ» қалалық мектепаралық президент сайлауының қорытынды гала-концерті өтті, деп  хабарлайды akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Түркістан Оқушылар сарайы мен Қазақстан Республикасының президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының ұйымдастырумен өткен жобаға 32 мектеп президенті қатысып, бақ сынасты. Жоба шарты бойынша:
І кезеңде «Мен президент болсам» тақырыбында эссе жазып, әр үміткер өзін таныстыратын 1 минуттық бейнеролик түсірді. Қатысушылардың эссе бағасы мен Оқушылар сарайының әлеуметтік желідегі парақшасында жинаған лайк пен комментарий саны есепке алынып, келесі кезеңге 20 оқушы жолдама алған болатын.
ІІ кезеңде 20 үміткер Turkistan телеарнасының тікелей эфирінде Интеллектуалды викторинада бақ сынасты. Әр айналымға 5 үміткерден қатысып, 4 үздік оқушысы келесі кезеңге жолдама алды.
ІІІ кезеңде үздік 4 үміткерге жетекші тағайындалып, Оқушылар сарайында «Мен президент болсам» тақырыбында жоба қорғап шықты.
ІV кезеңде әр мектеп оқушылар, ұстаздар және ата-аналар келіп үміткерлерге жасырын дауыс берді. Дауыс беру кезеңі қатаң бақылауда болды.
Аталмыш концертке Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразгүл Шайқықызы Қолдасова және «AMANAT» партиясы жанындағы “Жастар рухы” Жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып Жансерік Бауыржанұлы Жұман келді.
Қатысушыларға қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразгүл Шайқықызы өз ыстық лебізін білдіріп, «Тұран жастар» қалалық мектепаралық президентін хабарлады.
Нәтиже бойынша:
— 1749,5 ұпаймен — Сапаров Бақытхан «ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕПАРАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТІ» атанып, «Amanat» партиясының 1 жылдық шәкіртақсына ие болды.
— Ал 1342,5 ұпаймен — Жолдасқызы Аяулым «БІЛІМ» МИНИСТРІ;
— 1087 ұпаймен — Дүйсен Дастан «МӘДИНЕТ ЖӘНЕ СПОРТ» МИНИСТРІ;
— 1013 ұпаймен — Абсаттар Нұрай «ТӘРБИЕ» МИНИСТРІ атанды.
Сапаров Бақытхан инагурация рәсімінен өтіп, оқушылар мен ұстаздар алдында «Қалалық мектеп президентінің» антын қабылдады.
Шараның негізгі бөлігінде Оқушылар сарайының өнерлі өрендері сахна көркін қыздырды. Концерттік бағдарламаға ұласқан шарадан кеш қонақтары әсерлі көңіл-күймен тарқасты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *