«Түркістаным — жыр-әнім» атты кеш өткізілмек

«Тілім менің ғасырлардан аманат», дегендей… Тілге деген, елге деген, әдебиет пен өнерге деген құрметімізді жарқын істермен көрсетейік, деген ниетпен ерекше кеш ұйымдастырылуда. «Қазақ тілі» қоғамының жоспарына сәйкес «Түркістаным — жыр-әнім» атты кеш өткізіледі. Баршаңызды осы кештің құрметті қонағы болуға шақырамыз.
Бұл кеште ақын Санжардың жаз бойы кезекті демалыс күндерін шығармашылыққа бағыштап, танымал композиторлармен ерен еңбектің нәтижесінде туындаған әндерінің тұсауы кесілмек.
Толқып тұрмыз…
Өйткені еліміздегі ең танымал 12 көркемсөз оқу шеберлері арнайы осы кешке жан-жақтан келіп қатысып, өз өнерлерін ортаға салады. Күміс көмей әншілер де жаңа әндердің алғашқы орындаушылары болады.
Әрине, өте қуанышты жағдай!
Біздің «Қазақ тілі » қоғамы ұйымдастырушысы болсақ, кеш бағдарламасын Ән Падишасы Құралай Сатмұханбетованың өзі дайындап жатыр.
Кеш барысындағы тағы бір ерекше атап өтетін үлкен оқиғаның бірі, Алла қаласа, ақын Санжар Ғұламаның «ҮЗІЛМЕШІ ҮМІТІМ» атты су жаңа кітабының тұсауы шешілмек.
Тұсау кесу рәсімін асылдың сынығы, филология ғылымдарының кандидаты Салтанат Төлегенқызы Айбергеноваға ұсынғалы отырмыз.
Түркістан облыстық «Қазақ тілі» қоғамының жоспарына сәйкес осы кешті өткізуге қолдау танытқан Облыстық Мәдениет басқармасы, сондай—ақ Қоғамдық Даму басқармасы және облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
«Түркістаным — жыр—әнім» кеші жас ақынға алдағы уақытта үлкен шабыт сыйлап, биік белестерді бағындыруда жаңа серпін берері анық.
Ендеше келіңіздер, тамашалаңыздар! Түркістан төрі жыр сүйер, өнер сүйер қауымға өз құшағын айқара ашады.
«Түркістаным — жыр-әнім» атты кеш өткізілмек.
Akparatinfo.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *