Түркістан қаласының әкімі UniSat ғарыштық білім беру ХАБымен танысты

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков UniSat ғарыштық білім беру ХАБымен танысты, деп  хабарлайды akparatinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгін Түркістан Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы қала әкімі Нұрбол Тұрашбековке ғарыштық технологиялар бойынша UniSat білім беру хабымен таныстырды.
ХАБтың жұмысы түркістандық мектеп оқушылары арасында ғылым, технология, инженерлік-математика (STEM) саласындағы білім мен мансапты танымал етуге бағытталған.
Еске сала кетейік, ғарыштық білім беру ХАБы ЮНИСЕФ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Оқушылар сарайының ынтымақтастығының арқасында ашылып, алғашқы наноспутникті ұшырған болатын. Жобаға қатысқан түркістандық қыз балалар семинарға қатысып, наноспутник бойынша жобаны қорғап шығу арқылы сертификатқа ие болды.
Түркістанда БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілдігі «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КЕАҚ-мен және оқушылар сарайымен бірлесіп, ғарыштық технологиялар бойынша UniSat білім беру хабын ашқан болатын.
Хаб түркістандық оқушы қыздар арасында STEM білім беруді ілгерілету алаңына айналады. Яғни, облыс орталығының оқушылары STEM курстарына қатысып, инженерлік дағдыларды игере алады.
Хаб жұмысы бірінші кезекте мектеп оқушылары арасында ғылым, технология, инженерлік-математика (STEM) саласындағы білім мен мансапты танымал етуге бағытталады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *