Түркістан: маңдайша жарнама жазуларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түркістан қаласы бойынша жарнамалармен ақпараттардың Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының аясында және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы»КММ-нің мамандарынан және ерікті студенттерден құрылған арнайы үгіт насихат тобы бүгін С.Қожанов, Тәуке хан, С.Ерубаев көшесі бойындағы шаруашылық субьектілердің маңдайша жарнама жазуларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Арнайы құрылған жұмысшы тобы 19 қыркүйек тамыз күні 35-ке жуық ілінген жарнамаларды бақылап, анықталған кемшіліктер бойынша жарнама иелеріне «Тіл Туралы» Заңының талаптары мен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша түсіндірілді.
Осы ретте, қаладағы ілінген жарнамалардың мәтіндеріне қөңіл бөлініп ретке келтіру жұмыстары жалғасатын болады.
Сонымен қатар, Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің оқытушысы Шерова Ринат қазақ тілінен В1 орта деңгейі бойынша Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне сертификат табыстады.
Akparatinfo.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *