ШЕТТІЛДІК ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАРДЫ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНДЕ ҚАЛАЙ ЖАЗАМЫЗ?

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 2018 жылдың 12 сәуірінде жарық көрген бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерге сай жазуымызды жаңғырту ісі қолға алынып, қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы мемлекеттік жоспар, бағдарламалар қабылданып, нақты шаралар бекітілді. Соның ішінде шеттілдік ономастикалық атауларды қазақ тілінің жаңа әліпбиінде жазу мәселесі маңыздылығы артып, жауапкершілігі де еселене түсті. Тілші ғалымдардың басты міндеті де, мақсаты да жаңа әліпбиімізде шеттілдік жер-су атауларын мейлінше түсінікті әрі сауатты жасап шығу болып отыр. Бір қарағанда оңай көрінген бұл шаруаның өзіндік қиындықтары мол. Осыған орай мақаламызда шетел мемлекеттеріндегі географиялық атауларды жаңа латынграфикалы әліпби негізінде жазудың кейбір өзекті мәселелеріне тоқталамыз.Дүниежүзілік саяси карта жүздеген мемлекет, қала, мұхит, теңіз, өзге де географиялық атауларымен өрнектелген. Ономастикалық терминологияда шеттілдік топонимдік атауларды шартты түрде экзонимдер деген терминмен белгілейді, яғни экзо-тыс, сырт+оним атау).

«Экзонимтрадиционная для данного языка форма топонима, относящегося к объекту вне территории этого языка, несовпадающая по фонем ному составу, произношению и написанию с совре менной формой в языке-источнике. Пр.: Баку (Бакы), Рим (Roma), Париж (Paris), Неаполь (Napoli), Вена (Wien)» [1, 164].Жалпы шеттілдік ономастикалық атауларды, сөз болып отырған өзге елдің жер-су атауларын жаңа латынграфикалы әліпбиде ауыстырудың екі жолы бар: біріншісі, дағдылы дәнекер тіл орыс тілі арқылы қалыптасқан жазуда қалдыру, тек графикасы өзгереді, екіншісі, қазақ тілінің заңдылығына сай икемдеп, сындырып жазу, жаңаша игеру. Бұл іс арнайы ережесіз бітпейді. Сондықтан алдымен ереже жасап алу керек. Алайда сөздік түзбей, біраз практикалық жұмыстарды қолға алып, нақты тілдік материалмен жұмыс бастамай тұрып, экзонимдерді қалай транслитерациялау керек, қандай кемшін, дүдамалды тұстары бар екендігін анықтау қиынға соғары да анық. Сондықтан экзонимдер тізімін саралау барысында ереженің біршама қағидаттарын айқындау мүмкіндігі болады. Мәселен, шеттілдік топонимдерді жаңа графикада жазу ережесінің басты қағидаттарының бірі-ереже, бұл картографиялық өнім кімге арналады және қалай жасалады деген сұраққа жауап іздеуден басталады. Болашақ ереже де, шеттілдік жер-су атауларының саяси картасы алдыңғы уақытта өзге картографиялық өнімдер, атластар жасауға, мектеп, жоғары оқу орындары оқулықтары мен түрлі анықтағыштар әзірлеуге қажет. Сондай ақ, жаңа жазумен таңбаланған атаулар халықаралық келісімшарттарда, дипломатиялық қатынастарда, БАҚ құралдарында, отандық және шетелдік түрлі ақпараттық көздерде, жалпы ауқымды коммуникативтік кеңістіктегі айналымға түседі. Сонымен қатар жаңа әліпбиде жазу қай негізге сүйенеді дегенде мұндайережеде шет мемлекеттердегі физика-географиялық атаулардың, мемлекет атаулары мен елді мекен, қала атауларының карталарда, ғылыми әдебиеттер мен анықтамалықтар, туристік және басқа да басылымдар мен бұқаралық ақпарат көздерінде, ресми құжаттарда, ісқағаздарда т.б. мәтіндердегі жазылу нормасын қамтиды. Яғни ономастикалық ережелер, шеттілдік атаулар ережесі, нақтырақ айтсақ, ономастикалық атаулардың жазуы тіліміздің басты орфографиялық емле-ережелерінің нормаларына сай болады, болуы міндетті де.

Өйткені қандай да алыс-жақын мемлекет атауы, әлем астаналарының атауы, өзге де жер-су атаулары алдымен ұлттық тіліміздің заңдылығына, ішкі нормаларына сай төл әріптерімізбен таңбалануы тиіс. Осыған орай мақаламызда шеттілдік географияық атауларды игерудің кейбір тиімді жолдарын қарастырамыз.Шеттілдік топонимдерді жаңа әліпбиде таңбалаудағы басты қағидаттардың бірі – Дүниежүзілік саяси картада қамтылатын атаулардың басым бөлігі қазіргі қолданыстағы дәс-түрлі қалыбы сақталып, бірақ қазақ әліпбиінде жазылады: Нью-Йорк//Niu-Iork,Кюрасао аралдары//Kıýrasao araldary, Франция//Fransia/, Испания//Ispania, Колумбия//Kolumbia, Армения// Armenia, Зимбабве//Zimbabve, Фуздияма тауы//Fuzdiiama tauy, Санта-де-Лука/Santa-de-Luka, Валлетта /Valletta, Л’Акуила/L’Akuila, Сьюдад Реаль/Sіudad Real, Порт-о-Пренс/ Port-o-Prens, Грасьяс-а-Дьюс/Grasias-a-Dus, Баб-әл-Мандеб шығанағы/ Bab-äl-Mandeb şyǧanaǧy т.б. Ал Қазақстаннан тыс жерлердегі орыстілді географиялық атаулар орыс тілінің орфографиялық ережелерінің ұстанымдары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, латынграфикалы қазақ әліпбиі негізінде жазылады:- бас әріппен жазу,- кіші әріппен жазу, – бірге, бөлек жазу, – бірнеше сөзден тұратын күрделі атаулардың жазылуы,- күрделі атаудың алғашқы сыңары (сын есім) аударылып алынады) т.б.- қосарланған географиялық атаулардың екі сыңары да бас әріппен, дефис арқылы жазылады.

Ал Нойбургандер-Донау, Булонь-сюр-Мер, Сент-Аман-Мон-Рон сынды шеттілдік атаулардағы бірнеше дефис түпнұсқа бойынша сол күйде жазылады.Осы кезге дейін біраз шетел мемлекет, астана, қала атаулары ұлттық лингвомәдениетімізге сіңісіп, игерілген, жазу дәстүрі қалыптасқан, аудармасы бар атаулар сол күйде жазылады. Вашингтон, Мәскеу, Ресей, Орынбор, Жапония, Мажарстан, Ыстамбұл, Теһран, Пәкістан, Бейжін, Ұлыбритания т.б. Келешекте бұл тізім толығатын болады, яғни қазақ тілінің айтылу, жазылу нормаларына икемделіп тұрған атаулар бар, соларды анықтау міндеті тұр. Мұндай экзонимдерді үш топта қарастыруға болады: түркітектес топонимдер, шекаралас елдердегі географиялық атаулар, арабтектес атаулар, Қытайдағы қала, аймақ-өңір, өзен-су атаулары. Осы үш топтағы атаулардың дәнекер болған және орыс тілінде қалыптасқан дәстүрлі формасын келтіреміз, сондай ақ, қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сай игерілген және қазақ тілінің жаңа латынграфикалы әліпбиінде таңбалануын көрсетеміз. Түркітектес топонимдер:Орыс тіліндегі дәстүрлі жазылуыҚазақ тілінде қалыптасқан қолданылу формасыҚазақ латынграфикалы әліпбиінде жазылуыНукусНөкісNökɪsСамаркандСамарқанSamarqanУргенчҮргенішÜrgenɪşУчкудукҮшқұдықÜşqūdyqЧирчикШыршықŞyrşyqХиваХиуаHiuaЧолпон АтаШолпан АтаŞolpan AtaБұл атаулар қазақ тілінде бұрыннан сіңісті болып, қазақша жазылуы қалыптасып кеткен. Осы типтегі Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Түркия, еліміздің Ресеймен шекаралас аумағындағы, мысалы, Орынбор, Астрахан т.б. сынды атауларды қамтылуы тиіс деп есептейміз. Бірақ орыс жазуында әбден танымал болған Ташкент, Баку, Кушкурган, Янгикурган сынды атауларды Тәшкен, Бакы, Қосқорған, Жаңақорғандеп сындырып жазса қалай болар еді деген мәселені ортаға саламыз Ал Түркиядағы Чанаккале, Ескишехир, Денизли, Кизилагач, Кизилот, Олюдениз, Акьюрт, Узункёпрю, Юртбаши, Сарыгёль т.б. көптеген топонимдерді атауға болады. Бұларды қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне сай игеріп жазу ғылыми тұрғыдан қаншалықты тиімді, өз танымалдылығын (идентичность) арылып қалмай ма деген сауал туындайды.Біздің ойымызша, топонимдегі бірнеше немесе көптеген фонемаларды бірден өзгертпей, танымалдылығын сақтау үшін бірлі-жарым ғана дыбысты, әріпті өзгерткен жөн. Өйткені. практикалық транскрипция мен транслитерацияның орфографиядан айырмашылығы екі тілдің арасындағы «уақытша көпір» іспеттес. Сондықтан шет тілінен енген жалқы есім болсын, жалпы есім сөз болсын алғашында тек транскрипцияға ғана бағынады, орфографиясына, емлесіне қатаң түрде бірден икемделмейді, бүкіл лексикалық қорға тарамайды. Алғашында өзгеріс жеке фонемаға қатысты болып, бірлі-жарым өзгеріс енуі мүмкін, мысалы, бір әріпті өзгерту, қос әріптің бірі түсіп қалуы, ь белгісін түсіріп жазу сынды өзгерістерді атауға болады: älbom, älpinis, Әлпі//Älpi (Альпы емес), Ыстамбұл, Тәшкент, ал мағыналас Олюдениз, Кизилагач емес Өлітеңіз, Қызылаңаш деп жазса, Түркиядағы Өлітеңіз бен Қызылағаш екендігі қосалқы ақпарат арқылы ғана білуге болады. Арабтектес атаулардың жазылуы:Абу, Эд, Эз, Эль, Эр, Эс, Эт, Эш, артикілдерімен жазылатын атауларда бұл ком-поненттер қазақ тілінің айтылу, жазылу ерекшелігіне бейімделіп алынады: әбу, әд, әз, әл, әр, әт, әш: Әбу-Даби, Әбу-Камал, Дайр-эз-Заур//Дайыр-әз-Зауыр, Әд-Дивания, Әл-Катиф, Әл-Кунфуда, Әс-Салман, Әс-Сулайил, Әд-Даммам, Әр-Рияд, Әр-Рувайс, Әт-Таиф, Әш-Шарма, Әш-Шихр т.б. Өйткені бұл оның географиялық сәйкесімділігі мен танымалдылығына нұқсан келтірмейді, сондықтан орыс тіліндегі а әрпінің орнына ә әрпі жазылғаны дұрыс. Дж дифтонгымен келетін экзонимдерде жалғыз (жалаң) ж әрпімен жазылады: Джидда/Жидда, Джизан/Жизан, Шарджа/Шаржы,Эль-Джауф/Әл-Жауф,Эль-Ваджх/Әл-Важх, Умм-Ладдж/Умм-Ладж, Джабаль-эз-Занна/Жабал-әз-Зәнна, ал Лос-Анджелес сынды атауларды Лос-Анжелес деп жазса болады. Бұл ережеде ешқандай қайшылық жоқ, өз тіліміздің айтылу заңдылығына сәйкестендіріп жазған жөн.Таяу Шығыстағы Египет, Дамаск шаһарларының ежелгі қазақ қисса-дастандарында, ақын-жыраулар шығармаларында Мысыр елі, Дамшық т.б. үлгіде қолданылғанын білеміз. Орыс тілінен ауысқан Алжир атауын арабтар түпнұсқада Al-Zesair деп жазып, қолданылады. Қазақ тілінде әл-Жазира елі деп түпнұсқаға жақындатып атаудың қисыны бар. Осы тізімді толықтыруға болады.Қытай тіліндегі географиялық атаулар. Қытай жеріндегі топонимдердегі орыс тілі арқылы енгенцз, чж, әріптіркестері мен чжоу сынды онимдік маркерлердің қазақ тілінде қолданылуы қиындық тудырды: Гуцзяо, Цзянмынь, Цзинчэн, Цзесю, Шочжоу, Хуайжэнь т.б. көптеген атаулардың айтылуы тым күрделі, әрі қиын екендігі рас. Ескеретін жайт, өз жеріміздегі орыс тілінде қалыптасып кеткен Чунджа елді мекен атауын Шонжы деп айтып, жазып, тіліміздің дыбысталу табиғатына жақындатып алдық және оның еш сөкеттігі жоқ. Өте үйлесімді болып тұрғандығы анық. Сол сияқты қытай тіліндегі осы типтес географиялық атауларды Қытай қазақтарының тілінде жергілікті айтылуы мен жазылуы тарихи жолмен қалыптасқан екен, мәселен: Орыс тілінде қалыптасқан транслитерациясы Қытай қазақтарының тілінде қалыптасқан жазылуы Латынграфикалы қазақ әліпбиіндегі транслитерациясы Гуцзяо Гужияшы GujiaşyЦзиньчжун:ЖинжұңJinjūñЦзесюЖиешиуJieşiuЦзиньчэн:Жинчың JinşyñГаопинГаупиң GaupiñСиньчжоу:ШинжұуŞinjūuЮаньпинИуәнпин IuänpinШочжоу:ШуошұуŞuoşūuЛиньфэнь:ЛинфінLinfɪnШицзячжуанШыжия жуаңŞyjia juañЮньчэн:ЙүнчыңIünşyñЦзуньхуаЗүнхуаZünhuaХэцзиньХыжин HyjinЮнцзиЙұңжи IūñjiЛюйлян:Лүйлиаң LüiliañГуанчжоуГуаңжұуGuañjūuЦзянмыньЖиаңмінJiañmɪn.

Байқағанымыздай, топоним тұлғасы қатты өзгеріке ұшырайды екен. Алайда бұл үдерістен бас тарпау керек. Бірден болмаса да, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керек деп есептейміз. Өйткені әр мемлекет өзге мемлекеттегі ономастикалық атауларды ешкімге жалтақтамай өз тілінің орфографиясына, фонетикалық табиғатына үйлестіріп, тіптен мүлдем басқа сөзбен де жазып, транслитерациялайтындығы белгілі. Оған көптеп мысалдар келтіруге болады. Ресей атауы вали тілінде Руша, фин тілінде Веняйя, моңғол тіліндегі Урус қытай, корей, вьетнам тілдеріне негіз болып, Eluosi, Leosia, Nga La Ty деп өзгертіліп игерілген. Ресеймен есте жоқ заманнан іргелес болған латыш елі Криевия деп ежелгі Русті мекендеген шығыс славян тайпалары кривичтердің атынан қойған екен. Германия экзонимінің де әр тілдегі әрқалай аталуы қалыптасқан екен: словак тілінде Nemesko, серб. Немачка, пол. Niemcy, норвег. Tyskland, литва. Vokietija, мажар. Nemetorszag, баск.испан. Alemanian, эстон. Saksamaa, фин.Saksa, ал бірқатар еуропалық тілдерде Duitsland, Germania үлгісінде жазылған. Біздің елдің атауы да басқа елдерде өз тілдерінің ерекшеліктеріне сай жазады екен. Қазақтың белгілі фонетист ғалымы, мемлекеттік комиссия жанынан құрылған орфографиялық жұмыс тобының мүшесі, ҚР ҰҒА академигі З.М.Базарбаева шеттілдік сөздерді қазақ латын әліпбиінде жазуға қатысты транслитерация мен транскрипцияның ерекшеліктерін былай көрсетеді: «Особую область орфографии составляет передача средствами казахской графики иноязычных слов. В заимствованных словах могут произноситься такие звуки, которых нет в казахском языке. При передаче заимствованных слов используется два приема: транскрипция (передача при помощи букв казахского алфавита звуков иноязычного слова) и транслитерация (передача соответственными казахскими буквами букв иноязычного слова). Если написание исконно казахских слов подчиняется в основном фонематическому принципу, то заимствованные слова пишутся по фонетическому принципу, то есть они будут преломляться согласно орфоэпическим нормам казахского языка» (2, 2019). Басқаша айтсақ, қандай да бір шеттілдік сөзді қабылдағанда, қабылдаушы тілде рецепиент тілдегі сәйкес әріптер жоқ болған жағдайда офроэпиялық, айтылу нормасына жүгінеді. Бұл қытай тіліндегі топонимдерге тікелей қатысты жайт.

Алайда географиялық атаулардың, әсіресе, картадағы атаулардың жөні бір бөлек, олар құжаттық дәлдікті, нақтылықты қажет етеді. Осыны да естен шығармаған абзал. Бұл жөнінде орыс ономастикасының теоретик ғалымы А.В.Суперанская былай дейді: «Предъявляемые к надписям в географических пособиях (картах, атласах, словарях) требования, с одной стороны, смыкаются с требованиями, предъявляемыми к докумен тации — документальная точность. С другой стороны, они аналогичны требованиям, предъявляемым к иноязыч ным словам в общей прессе — сохранение фонетической близости неисходному и идентификация на слух»[3,53].Түркітектес және қытай тіліндегі атауларды қазақыландыру қажеттілігін айта отырып, біз, ең алдымен, мына критерийлерге сүйену керек деп есептейміз: қазақ қалың отырған аймақ, тілінен, ұлттық мәдениетінен қол үзбеген, тарихи тамыры бір, ертеден қатынаста болғандықтан ондай аймақтардағы атауларды қазақ тілінің фонетикалық ерекшелігіне бейімдеп жазған жөн. Түркия, Әзербайжан елдері шалғайлау, аралас-құралас болмағандықтан, ол елдердегі атауларды жаанды түрде өз тілімізге иілдірмей, өзгеріссіз алған жөн шығар деп пайымдаймыз.

Белгілі ғалым жаңа емлені басты әзірлеушілердің бірі, проф. Нұргелді Уәлидің сөзімен қорытындыласақ: “Латын графикасын қабылдау арқылы осы жазуды қолданып жатқан түркітектес мемлекеттермен жалпытүркілік бірегейлікті дамытуға, қазіргі жазуда орын алып отырған компьютерлік, интернеттік желідегі қиындықтарды жеңуге, орын алып отырған орфографиялық, орфоэпиялық кемшіліктерді жоюға, терминологиялық, ономастикалық атаулардың ұлттық сипатын қалыптастыруға және құлдық психологиядан арылып, ұлттық сананы қалыптастыруға оң ықпалын тигізері сөзсіз”. (4, 142). Жоғарыда айтылған проблемалардан тыс шеттілдік атаулардағы латын әліпбиінің дауысты, дауыссыз дыбыстардың, жеке даулы орфограммалардың қолданылуы, экзонимдердің негізгі үлгі-типтері, олардың жазылуының орфографиялық емле-ережелеріне қатысты мәселелерді алдыңғы уақытта сөз етеміз.

Қ.Рысберген А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д.,профессор

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *